Бақыт Шадаева: Сейфуллин Жолбарыс пәтерімді тартып алған
Әнші Бақыт Шадаева «Ұнамаса қарама» бағдарламасына берген сұхбатында Сейфуллин Жолбарыстың кезінде пәтерін алып, жарты ақшасын төлемей кеткенін айтты.
«Сейфуллин Жолбарыспен сәлеміміз онша емес. Оның бір себебі бар. Кезінде «Гүлдер» ансамблінде ән салып жүрген кезде сол жігіттер әндерін ұсынып келетін. Сол кезде Сейфуллиннің әндерін ұнатып, қаражатын төлеп, жағдайын жасайтынмын. Қаншама аспаптарын, киімдерін де алып бердік. Сахнаға жетелеп алып шығып та жүрдім. Өзімнің қаламақымды да оған төлеп жүрдім. Бірақ арамызда пәтерге қатысты түсінбеушілік туындады. Мен жаңа пәтерге көшіп, ескі пәтерімді сататын кезде ол менің ескі пәтерімді алмақшы болды. Ол үйдің жарты бағасын төлеп, жарты бағасына ән жазып беретін болып келіскенбіз. Сөйтіп үйіме кіріп алды. Әндерін де, өзін де ұнатып, бауырым ретінде тартып жүрген жігіт бір жылдың ішінде пәтерімнің ақшасын жоққа шығарды. Басқа әншілерге кетіп, тұмсығын көтере бастады. «Сенен де асқан мықты әншілер бар. Сенен де асқан мықты әншілерге ән жазамын» деген сияқты әңгімелер айтылды. Содан бері өкпелімін»-деген әнші жеке өмірі жайлы да тілге тиек етті.
«Қырындайтын жігіттер көп. «Мен сізге ғашықпын. Сіз маған ұнайсыз. Сізбен кездесуге бола ма?» деп жазып жатады. Жалғыздық деген бір Құдайға ғана жарасқан. Қасымда лайықты ер адам болғанын қалаймын. Бірақ жас жігіттер өмір көрмеген. Олармен бірге өмір сүру қиындау болады. Ол адам менің өзімді ғана емес, өнерімді, балаларымды, немерелерімді қабылдауы керек. Оны жасай алатын адамдар өте аз»-дейді өнерпаз.
Дереккөз: Reactor