Байтұрсынұлының Бәдрисафасы Меңдіқарада жерленіпті

Байтұрсынұлының Бәдрисафасы Меңдіқарада жерленіпті

Сұрқылтай саясат салдарынан сорлаған халқының бодандық билік пен құлдық санадан азаттығы үшін күресіп, «халық жауы» атанып, қорланған Алаштың аяулы арыстарының аттары ақталып, еңбектері мен ерліктері мадақталғанымен, әлі күнге дейін оларға қатысты ақиқат толық ашылды деу әбестік. Текті туғанымен тұтқиылдан тиген кесапаттың кесірінен қуғын мен тұтқыннан көз ашпаған Ахмет Байтұрсынұлының жары Бәдрисафа, яғни Александраның жерленген жерінің күні бүгінге дейін табылмай келе жатқаны сол көп жұмбақтың бірі ғана.

Бәдрисафа – Александраның мұсылмандықты қабылдағаннан кейінгі есімі. Ол Алаштың ұлы қайраткері Ахмет Байтұрсын- ұлының жары болғаны үшін Ахаңмен бірге Түменге айдалды. Аштық пен қара суықтан нәзік жанына жазылмас дерт жұқтырды, түннен тірі шығудың өзі мұң болған кездегі қорқыныш ақыры талма етіп тынды. Алайда қияқ мұрттының қылышынан қан тамып тұрған уақытта «шаш ал десе, бас алатын» жандайшап жендеттер оны сырқат меңдеген кезінде де ізіне ит салып, үнемі аңдумен болды. Жан-жағынан ентелеген жаудан қашқан Бәдрисафаның ақыры, міне, қай жерде топырақ жамылғанын табудың өзі мұң болып отыр.

Байламы:

Бәдрисафаның Қостанай жерінде жерленгені анық. Ахметтің ағасы Қалидың Әмірі кезінде Қостанайда тұрған еді. Сол Әмірдің ұлы Назардың әйелі Нұрзипаның туысы, ақын Сырбай Мәуленовтің нағашы жеңгесі, Ахаң отбасымен жақын сыйласқан Зибаш Жарылқасқызы Бәдрисафаның 1943 жылы Свердловскіде айдауда жүрген жерінен Қостанайға келгенін айтады. Зибаш апа «Көп жылдан бері көріскен соң, жылап көрістік, ұзақ әңгімелестік», – дейді. Сонда Бәдрисафа «Александровкаға барамын, әзірге құжаттарым дайын болғанша осында боламын", – депті. Алайда оның Александровкаға барған-бармағаны белгісіз. Дегенмен Бәдрисафаның айдаудан кейінгі күндері Қостанайда өткені анық.

Болжамы:

Ахметтанушы марқұм Байтұрсын Ілияс «Алтын бесік» кітабында Бәдрисафаның шамамен 1943 жылы Қостанайға жақындау Александровка деген елді мекендегі жүйке дертіне шалдыққандарға арналған бақпаға кеткенін, бірақ туыстары кейін көрмегенін жазады. Оның пайымынша, Бәдрисафа осы Александровкада жерленуі мүмкін. Алайда Бәдрисафаның бақпаға кеткенінен басқа әзірге бұған дәлел боларлық ештеңе табылмай тұр. Бәдрисафа барған-бармағанының өзі әлі анықталмаған Александровкадағы мүгедектер үйінің мұрағатындағы құжаттар тек 1991 жылдан бері қарайғы уақытты қамтиды. Арғы тарихы тұманды... 

Болғаны:

Байтұрсынұлының Бәдрисафасы Меңдіқара ауданында жерленген. Бұған негіз боларлық алғашқы дерек Ахметтің Кәкіш деген ағасынан тарайтын Самырат Кәкішевтің «Ахаң туралы ақиқат» кітабында жазылған. Онда автор Бәдрисафа соғыс жаңа басталған, яғни 1941 жылы Қостанайда қайтыс болғанын, 1970 жылы отбасымен келіп, төбешік боп жатқан зиратын көргенін жазады.

Халық айтса...

Бүгінде Қостанай қаласында тұратын 75 жастағы Есімхан Тұрлыбековтің айтуынша, Бәдрисафа ертеде аталарымыз Меңлібай деп атаған, кейін ұжымдастыру кезінде Екпінді деп аталған ауылдың зиратында жатыр. Қазір жұрты көшіп, жұрнағы қалған бұл жер Меңдіқара ауданының Ломоносов округіне қарайды.

Есімхан ТҰРЛЫБЕКОВ, көзкөрген:

– Қателеспесем, сол 1945 жылдың соңы мен 1946 жылдың бас кезінде өзіміз «Кәшу» деп атап кеткен аудармашы Қасым Тоғызақов күтпеген жерден қасында бір орыс келіншегі бар суыт кіріп келді. Қыс кезі, кеш ерте түседі. Асығыс анамды оңашалап, «Қапиза, сенің етің тірі, пысықтаусың ғой, мына келіншекті күтіп қарарсың. Көше кезген қаңғыбас емес, бір сыйлы үлкен ағамыздың әйелі. Қуғында жүр, сырт көз білмесін. Әйтпесе көзін құртады, не атады, не айдап әкетеді. Заман түзелсе, жөнін табар. Аты – Александра», – деп ыздағаттап тапсырды да, қона жатпай, жедел жүріп кетті. Ол кезде ағамыз Қостанайда газетте істейтін. Содан анам дереу монша жағып, бейтаныс қонақты жуындырып, тамақтандырды. Ол кезде мен шамамен 12-13 жастамын. «Қасымның келгені, Александраны әкелгені, біздің үйде екені туралы жан баласына тіс жарма, құримыз, жер аударып жібереді», – деді ағамыз   Қасым. «Онсыз да қашқалы тұрған қоян еді, тәйт дегенде несі қалды» демекші, көлеңкемізден үркіп жүрген кез, дір ете қалдым, денемді әлдебір суық қорқыныш тоқтай қарып өтті. Анамның Қасымды құрметтегені ғой, әйтпесе аш та жалаңаш, жадау тірлік жүдеткен ол кезде бөтен адамды, онда да «халық жауының» жақынына жақсылық істеу былай тұрсын, ішіп-жемнің өзі жоқ, қиын кез еді. Содан күндер өтіп жатты. Қыс өтіп, көктем келді. Үйге қонақ келсе болды, анам Александраны жартысы жерге кіріп тұратын қыртыстан соғылған моншаға «тығып» әлектенетін. Байғұс талай тәулігін монша ішінде өткізді. Оған қылар қайран жоқ. Жер аяғы кеңігесін жылқының құйрық қылынан қармақ жасап алып, өзен жағалап, өмірін өткізді. Таң ірге көтермей кетеді де, күнұзақ сонда жүріп, қас қарайғанда бір-ақ келетін-ді. Соғыстан кейінгі уақыт, ел ішінде қайыршы көп болған соң, былайғы жұрт оны көп елемеді.  

Есімхан ақсақал Александраның орта бойлы, көзі көк, пісте мұрын, мосқал тартса да шашын келте қиған, аяғы ұзын, әдемі жүзді болғанын айтады. Бейтаныс әйел бала деді ме, әлде қорықты ма – артық ауыз әңгіме айтпапты. Ол кісінің не айтқаны бүгінде марқұм болған Қапиза анамыздың ішінде кетті.

Ал жақында көзі тірі куәгер Есімхан ақсақал қарттығына қарамай, ежелгі Екпіндіге барып, Александраны өз қолымен жер қойнына тапсырған орынды көрсетті.

– 1947 жылдың күзінде Александра кешкілік келмей қалды. Ертесінде балалармен ойнап жүріп, қоңсы тұрған Молдағали атамыздың ескі үйінің ішінен денесін тауып алдық. Көзін тышқан ба, әлде құс па – шұқып тастаған екен. Апам келіп бетін жауып кетті. Ертеңіне өгей әкем Төлеубай екеуміз колхоздың ат-арбасымен ауыл сыртындағы науша руы бейітінің шеткері жағына апардық. Тоң қатқан топырақты тізеден қазып, бетін жасырдық. Кейіннен бір жылдары мұсылман зиратының етегін қар суы шайып, шашылып қалған сүйектерді жинап алып, қайта жерледім. Бірақ бас сүйегін таба алмадым, – дейді Есімхан ақсақал есінде қалған ескі көріністерді ойша ақтарып. Екпіндідегі зираттың етегіне жерленген жұмбақ келіншек – Бәдрисафа, ұлт ұстазы – Ахаңның жары екенін Қасым Тоғызақов пен Есімхан Тұрлыбековтің әрекеті растайды. Өзі сол кезде ғана қуғын-сүргіннен оралған оның басын бәйгеге тігіп, бәленбай жүз шақырым жерге баруын Алаш арысына деген құрметі демеске шара жоқ.

Бірінші ұсыныс

Римма БЕКТҰРҒАНОВА, облыстық мәслихат депутаты:

– Біз бұған дейін Бәдрисафа анамызды Александровкада жерленген деп келдік. Көзі тірі куәгерлердің арқасында нақты жерленген жерін таптық. Енді осыны дәлелдей түсу үшін ынталы топ Қасым Тоғызақовтың Алматыда тұратын балалары мен келіндерін тауып алып, сол кісінің жеке құжаттарынан дерек іздеу. Бұл – ұлт көсемі алдындағы ұрпақтық парыздың бір өтемі болмақ.

Екінші ұсыныс

Әрине, ел болғасын алуан пікірдің болатыны анық. Бәдрисафаның дәл Екпіндіде жатқанына наразы жақ та бар. Бұл іске соңғы нүкте қоятын жалғыз жол – Бәдрисафаның туыстарын тауып, оның сүйегін ДНК тексерісінен өткізу ғана. Егер мүмкін болса... Бірақ ең бастысы – Алаш арысы жүрегінен орын алып, ошағын түтетіп, қызығы мен қиыншылығын бірге бөліскен адамға біздің құрмет көрсетуіміз керектігі.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста