Астана төрінде өнер форумы өтеді

Астана төрінде өнер форумы өтеді

Астанада наурыздың 5-інен 16-сына дейінгі аралықта өнер мәселесіне қатысты айтулы шара өтеді. Бас қаладағы Қазақ ұлттық өнер универ­си­тетінің 15 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық өнер форумында әлемдік деңгейдегі өнер майталмандары бас қосып, пікір алмаспақ. Кеше Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры, профессор, Қазақстанның Халық әртісі Айман Мұсақожаева баспасөз өкілдеріне мәдени бағдарламаның жай-жапсары туралы баяндаған болатын.
Қазақ даласында ғана емес, тұтастай еуразиялық білім кеңістігінде бірегей­лі­гімен танылып отырған Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінің құрылғанына дәл наурыз айында 15 жыл толады. Сонау жылдары, елорда алғаш қалыптаса бастаған тұста бас қаламен бірге іргетасы қаланып, кейіннен Астанамен бірге ажары асқан өнер ошағының бүгінгі бет-әлпеті, бейнесі ғана емес, стратегиясы да тұтастай өзгерген. Мұндай өзгерістердің барлығын Ұлттық университет ректоры Айман Мұ­сақожаева тікелей Елбасының қамқорлы­ғының арқасында екендігін алға тартады. Президенттің қолдауымен «Шабыт» атты сәулеті жағынан ерекше жаңа оқу ғимара­тының салынуы да соның айғағы іспеттес. Өнер ордасына келсек, бүгінгі күні универ­ситеттің алты факультетінде Қазақстанның бүкіл мәдени дүниелері тоғысады десек, артық айтқандық емес. Өйткені мұнда классикалық музыкамен қатар, халық шы­ғармашылығы, режиссерлік өнер мен хореография, кино мен дизайн мамандық­тары бойынша студенттер білім алып жа­тыр. Бұдан бөлек, университет оқытушы­лары бүгінгі таңда сұранысқа барынша ие болып отырған «арт-менеджер» мен «кино және телеарна операторы» секілді маман­дықтарды қоса алғанда, шәкірттерді 20-дан астам бағытта біліммен сусындата­ды.
Осындай өнер ордасының шаңырақ көтергеніне 15 жыл толуына орай Астанада 5-16 наурыз аралығында Халықаралық өнер форумы ұйымдастырылмақ. «Форум бағдарламасына келсек, оның ең шарық­тау тұсы біздің есеп беру концертімізбен айшықталады. Одан маңыздысы бұл шараның бас қонағы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы болмақ. Бұл да кездей­соқтықтан туындаған дүние емес. Өйткені елордада бой көтерген бірегей сәулет нысандары секілді Қазақ ұлттық өнер университетін ашу идеясының авторы да Н. Назарбаев екенін барша жұрт біледі. Мерейтойлық концерт «Қазақстан» кон­церт залында 6 наурызда өтеді деп жос­пар­ланған. Бұдан кейін ондағы бағдар­лама Милан мен Туриннің, Вашингтон мен Париждің, Токио мен Лос-Анджелестің алдыңғы қатарлы концерт залдарына шығатын болады», – дейді Айман Мұсақо­жаева.
Оның айтуынша, Халықаралық өнер форумы аясындағы маңызды шаралардың қатарында Астанада бірқатар беделді өнер университеттерінің өкілдерінен тұратын Ректорлар кеңесінің отырысын айтуға бо­ла­ды. ТМД мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының ұйымдастыруы­мен өтетін шараға Қазақстанның, Ресейдің, Әзірбайжан, Грузия, Тәжікстан, Қырғызс­тан, Украина, Армения, Беларусь, Фран­ция, Италия, Қытай елдерінің жоғары музыка мектебінің ректорлары шақырыл­ған.
Бұдан бөлек, форумның құрметті қонақтары арасында Монако ханшайымы Каролин Мюрат, Граф Питер Шереметев, Полад Бюлбюль оглы, Михаил Швыдкой, Анна Сафонова секілді танымал тұлғалар да шақырылған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста