Алтын қолды дәрігердің ескерткіш-мүсіні бой көтерді

Алтын қолды дәрігердің ескерткіш-мүсіні бой көтерді

Дәрігерлік ғұмырында 30 мыңнан астам ота жасап, талай сырқат жандарды емдеп-жазып, ажалдан арашалап қалған әйгілі алтын қолды хирург Нұртас Кәкімжанұлы Қазыбаевтың өмірден озғанына да бір жылға жуықтапты.
Осы орайда кеше медицина саласында 30 жыл еңбек етіп, 30 мыңға жуық ота жа­сап, «Халық академигі» атанып кеткен дә­рі­гердің денесі жатқан Кеңсайдағы зираты басында марқұмның асқақ рухын әйгілеп тұратын ескерткіш-мүсіннің ашылу рәсімі өтті.
Нұртас Кәкімжанұлы 1996 жылдан бас­тап ғұмы­рының соңына дейін Қазақ­стан Республикасы Прези­ден­ті Іс басқар­ма­сының Ор­талық клини­калық ау­ру­ха­на­сында бөлім меңгеруші, бас дәрігердің ор­ын­басары әрі хи­рур­гия орталығының жетекшісі қызме­тін абыроймен атқарған.
Өз саласында Гиппократ антына адал болып өткен, жанашыр әрі жаңашыл дәрі­гер Нұртас Қазыбаев – отандық медицина­ның заманауи тұрғыда қалыптасып, дамуы­на көп еңбек сіңірген ғалым. Хирургия са­ла­сы­на инновациялық технологияларды ен­гізіп, 50-ге тарта ғылыми жұмыстың, іш құ­ры­лыс ауруларын емдеуге қатысты бес бір­дей өнертабыс еңбектің авторы болған Н.Кәкімжанұлы өткен жылдың тамызында 53 жасында жүрек дертінен көз жұмды. Осы бір жыл ішінде Нұртастың өмірі мен қызметін барынша қамтыған үлкен ғұмыр­намалық жинақ пен бір бейнефильм түсі­ріліп, өзі қызмет еткен ауруханада арнайы ес­керткіш-тақта орнатылды. Нұртастың жар­қын бейнесі бедерленген жаңа ескерт­кіш те абзал дәрігердің тұлғасы мен адал есімін ардақтап, мәңгі есте қалдыру мақ­са­тын­да бой көтеріп отыр. Ескерткіштің ашы­лу рәсіміне марқұмның отбасы мүше­ле­рі мен жақындары, достары мен әріп­тес­тері қатысып, жаңа бой көтерген ес­керт­кішке гүл шоқтарын қойып, Алаштың аяулы перзентіне тағзым етіп, естелік ой­ларымен бөлісті. Бұдан соң рәсімге қаты­сушылар еске алу шарасын Нұртас Қазы­баев­тың өзі еңбек еткен Ор­талық клини­калық ау­ру­ха­нада жалғастырды.
Нұртілеу Иманғалиұлы, ҚР мәдениет қайраткері, қоғам қайраткері, көрнекті тележүргізуші:
– Тірісінде мыңдаған адамға өмір сыйлаған алтын қолды дәрігер Нұртас бауырымызға қатысты ең өкінішті нәрсе – оның мына дүниеден ерте кетіп қалуы. Ажалға арашашы болған абзал жанның өзіне сын сағатта ешкім араша бола ал­мады. Бұл тағдырдың жазуы шығар... Нұр­тас өзінің нағыз толысқан, кемел шағында бақилық болды. Оның шипасы әлі де болса сол мыңдаған, миллион­даған адамға қажет еді... Осындайда қа­зақтың көрнекті ақыны Жарасқан Әбді­рашевтің:

«Мақтау өлең жазайын деп жүргенде, Жоқтау өлең жазғызғаның неткенің?» деген шумақтары ойға оралады. Қадірлі қазақ қаламгерінің отбасында туып-өс­кен ол ата-анасынан алған зиялылықты жо­ғалтпай ұстай білді. Тегіне тартып ту­ған ұл халқына адал қызмет етті. Ал­ла жа­нын пейіштің төрінде шалқыт­сын!
Амир Ахетов, ҚР Прези­ден­ті Іс басқарма­сы Ор­талық клини­калық ауру­ха­насының бас дәрігері:
– Нұртас Кәкімжанұлы ерекше қабілетті дәрігер болатын. Біреуге ұстаз, біреуге шәкірт, айналасына сыйлы, өте қарапайым адам еді. Ол – өзінің еңбек­қор­лығы мен табандылығының арқасын­да аз ғұмырында көп жетістікке жеткен адам. Көзі тірісінде адамдарға қол ұшын беруден басқаны ойламайтын, ең бірін­ші кезекте дәрігерлік борышын атқаруға дайын тұратын азаматтың есімі бүгінде аңызға айнала бастады. Осындай ғажап адамдардың әрбір ісі – кейінгіге үлгі-өнеге. Бүгінгі ескерткіш Нұртас сынды мық­ты дәрігердің құрметіне ғана емес, мұны сөзіне берік, ісіне адал, ұлтына бе­ріл­ген нағыз азаматтың симво­ликалық бір көрінісі деп қабылдағанымыз жөн

Алмаз Шарман, медицина профессоры:
– Кеңсайдың басында бой көтерген Нұртастың ескерткіш-мүсіні оның туған күнінде, қасиетті жұма күні ашылып отыр. Мен Нұртаспен оқуда да, өмірде де қатар жүргенімді, осындай айтулы азаматпен сырлас, дос, бауыр болға­ным­ды өзіме бақыт санаймын. Біз заман­дас болсақ та, Нұртастан көп нәрсе үй­рен­дік. Ол қандай қиын жағдайда да нау­қастың үмітін үзбейтін. Жұмысына қан­дай тыңғылықты болса, өзге істерге кел­генде де жауапкершілігі күшті еді. Түрлі жиын-тойларды да үйіріп әкететін көп­шіл қасиеті де бар еді. Әріптес-дос­тың орны ойсырап тұр. Әттең, өмірден ерте кетіп қалды. Әлі де болса атқарар істері мен ойға алған өмірлік жоспарлары бар еді.

Автор
Последние статьи автора
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста