Алтын микрофон Ернарда қалды

Алтын микрофон Ернарда қалды

Қостанайда өткен Халықа­ралық «Алтын микрофон» байқауы өз мәресіне жетті. Былтыр Беларуське бұйырған бас жүлдені биыл қоста­найлық қара домалақ қанжығасына байлады.
ІХ Халықаралық «Алтын микрофон» вокалдық байқауының финалдық кезеңі мен гала-концерті Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филормониясының сән-салтанат залында өтті. Ресей, Литва, Бела­русь және Болгариядан келген кәсіби әншілер мен продюсерлерден құрылған қазылар алқасының құрамында Қазақ­стан­ның атынан атақты композитор Кеңес Дүйсекеев болды.
Үш күнге ұласқан дода қорытындысы бойынша, қатысушылар жас шамасына қарай үш топқа бөлініп, әр топтың жүлде­герлері анықталды. Нәтижесінде, бүлдір­шіндер тобынан бірінші орынды алматы­лық Әлішер Жақсыбай иеленсе, орта буын­нан Қызылорданың әншісі Азамат Алтаев жеңімпаз болды. Ал ересектер тобында бірінші жүлдені Литвадан келген Сигита Падваришките мен Болгарияның өнерпазы Йордан Марков өзара бөлісіп алды.
Ал бас жүлде «Алтын микрофон» қостанайлық бозбала Ернар Садырбаевқа бұйырды. ҚР еңбек сіңірген әртісі Алек­сандр Калугиннің шәкірті, Қостанай педа­гогикалық колледжінің студенті Ернардың дауыс диапазонының кеңдігіне тәнті болған қазылар алқасы оны бірауыздан байқаудың ең үздік әншісі деп таныды.
Ернар САДЫРБАЕВ, ІХ Халықаралық «Алтын микрофон» байқауының жеңімпазы:
– Біз бұл байқауға ақпан айынан бастап мақсатты түрде дайындала бас­тадық. Қазақша және итальянша ән да­йын­дадық. Андреа Бочеллидің ре­пер­туарынан алынған ән менің даусы­м­ның мүмкіндігін көрсетті деп ойлай­мын. Ең бастысы, «Алтын микрофон­ның» Қазақ елінде қалғаны  мен үшін басты бақыт боп тұр. Марапаттау рәсі­мінде менің атымнан бұрын «Қазақс­тан» деген сөз алғаш айтылды, сон­дық­тан мен емес, менің елім – жеңімпаз!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста