Алты жыл бойы отбасылы азаматпен көңіл қосқан Шахизада шындығын айтты

Алты жыл бойы отбасылы азаматпен көңіл қосқан Шахизада шындығын айтты

Таяуда әнші жеке өмірінен сыр шертетін кино түсірмек, деп хабарлайды  Shownews.kz ақпараттық порталы.
Алғашқы некесі сәтсіз аяқталып, кейін екінші мәрте тұрмыс құрған Шахизада таңдауындағы жанмен тағы да тіл табыса алмаған еді. Тіпті, алты жылға жуық отбасылық ер азаматпен көңіл жасастырғанын да соңғы сұхбаттарында жасырмай айтып жүр. Жеке өмірінде сан мәрте сүрінген әнші, таяуда тың мәлімдеме жасады. Өнер иесі енді бар құпиясын бүкпесіз баяндап, өткенін суреттейтін көлемді картинаны жұрт назарына ұсынуға бел буыпты.«Менің 20 жылдан бергі арманым – өзімнің өмірім жайлы фильм түсіру. Ол менің миымда әлі бар. Өйткені менің өмірімде ағы да, қарасы да, қиыншылығы да, жақсылығы да болды. Көп нәрсені көрдім. Бірақ бұл фильмде өзім ойнамаймын. Маған ұқсас кейіпкер табамын. Жеке басымда, жеке өмірімде болған жағдайларды кинода айтар едім», – дейді әнші.

Алайда бұған дейін өз өмірі жайлы кино таспалаған эстрада өкілдері аз емес. Мәселен Қайрат Нұртас «Өкініш» фильмін түсірсе, көп ұзамай Төреғали Төреәлінің «Ұлы дала комедиясы» жарық көрді. Өнердегі әріптесерінен Ерке Есмахан да қалыспай, көрерменге «Махаббат кафесін» ұсынды. Бірақ, аты аталған жұлдыздардың бұл әрекетін «плагиат» дерсіз. Себебі бүгінде фильм түсіруді трендке айналдырған танымалдар, Нұрлан мен Мұраттың идеясына жиендік жасаған болып шықты.

«Ол негізі ең бірінші біздің ой болатын. Идеяны тастаған біз. Нұрлан мен Мұрат туралы үлкен кино түсірілу керек еді. Біз қандай жолдардан өттік, соның бәрін көрсетеміз дегенбіз. Бірақ қаражатқа байланысты кідіруге тура келді. Қазір көбі шығарып кеткендіктен керек емес деп отырмыз», – дейді өнер иелері.

Ал өткен өмірін таспаға тартып, оны үлкен экран арқылы дүйім жұртқа жариялау, Мейрамбек Бесбаев үшін жат қылық. Музарттың марғасқасы жеке басын дәріптегеннен гөрі, қазақ өнеріне өлшеусіз үлес қосқан тарихи тұлғалардың насихатталғанын қалайды. Дәл осындай ұстанымдағы әнші жаңа жобаның жоспарын да құрып қойған.

«Мен Естайды түсіруді армандап жүрмін. Құсни Қорлан. Бірақ түсіргенде ол жерде режиссер болмаймын. Мен сол фильмге мұрындық болсам, көмектессем, ұйымдастырып жіберсем деген ойда жүрген дүнием еді», – дейді Мейрамбек Бесбаев.

Ал Бағлан Әбдірайымов жақында жылдар бойы жұрттан жасырған құпиясын жария етіп, шағын автобигорафиясын жазып шыққан еді. Топта өнер көрсете жүріп, құмар ойынның құрбанына айналған әншінің бұл оқиғасы елді елең еткізгені рас. Енді ол казиноны жағалаған жігіттің кітаптағы хикаясын көлемді карантинаға айналдыруды көздеп отыр.

«Шығармашылықпен айналысамын, кино түсіремін десем, сценарийін мамандарына беретін шығармын. Бәлкім басты рөлді сомдау керек болса өзім түсермін немесе мынау оқиға, менің еңбекақымды берсеңіздер, әрі қарай кино қылып шығарыңыздар деп бір-екі кісіге ұсынғып кеп жүр», – дейді Бағлан Әбдірайымов. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста