Айман Нұразхан бұрынғы енесін есіне алып, елді жылатты

Айман Нұразхан бұрынғы енесін есіне алып, елді жылатты

 Әнші Мұрат Қожаның бұрынғы жары Айман Нұразхан енесін есіне алып, елді жылатты. Ол жан тебірентерлік жазбасын желіге жазған.

«Ата-ененің батасын алу, ененің мейіріміне бөлену үлкен қуаныш, мәртебе. Енеммен болған күндерім әлі есімде. Иә, мен бақытты жанмын. Еске түсірер естеліктер жетерлік. Менің мәңгі жүрегімде сақталатыны анық. Енеме деген сағыныш кеткен емес. Өмірдің сынағы болар, отбасымның шайқалуымен қатар арада жарты жылдан кейін суық хабар келген еді. Небары 55 жаста өмірден өтті. Бүгін тірі болғанда 59 жасқа келер еді. Сыртқы бейнесі қатал, қабағы сәл затқа ашыла қоймайтын, дене бітімі ірі, нағыз қазақтың батыр анасы еді. Расымен де батыр ана. Ажарлы, бидай өңді, жүрегі жұмсақ, кез келген адамға жылы қабақ таныта бермейтін еді. Бірақ мен дегенде көңілі ерекше болатын. Енем келген күннен бастап әңгімеміз таусылмайтын, үйде мейрам, дастархан жиылмайтын. Тіл үйірер дәмді тағамдары әлі көз алдымда. Жылдам, шапшаң еді, бір дегеннен бәрін бұрқыратып, жайғастырып жіберетін. Соңғы келгенінде «Айманжан, мен Көктөбені бір ретте көрмеппін» дегенде, мен ойланбастан қыздарыммен әжесін көлігіме отырғызып алып, Көктөбеге аспалы жолмен бір-ақ шыққанымыз бар еді. Қыздарымның әрқайсын ерекше жақсы көретін, қырық күн өзі шомылдырып, бар ырымдарды жасап, мәз болып кететін. Бір сәті түскен күні қыздарымды алып, басына апарып қайтамын.

Ең соңғы вокзалдағы қоштасқан сәтті ұмыта алар емеспін. Әдеттегідей жолға жиналу процесі басталған сәттен-ақ менің жүрегім тыныш таба алар емес. Білмеймін, бір ой мазалай берді. Сол жолғы шығарып салғаным, соңғы рет көргенім екен. Вагонға кіріп кетті, мен кетпей ізіне қарап тұрмын. Көзімде қара көзілдірік, жас болса өзінен өзі төгіліп жатты. Көп ұзамай енем вагоннан қайта шығып, мені құшағына қысып, бір-бірімізді қимай тұрдық та, қимастықпен қоштастық»-дейді Айман Нұразхан.


Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста