Әбдіғаппар Смановтың жаназасына жиналған жұрттың әрекеті әнші Айқынға жақпай қалды

Әбдіғаппар Смановтың жаназасына жиналған жұрттың әрекеті әнші Айқынға жақпай қалды

Дүниеден озған ұстаз Әбдіғаппар Смановтың жаназасы желіде қызу талқыланып жатыр. Басты себеп - дін қайраткерін ақтық сапарға шығарып салуға шамадан тыс адамның жиналуы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шілденің алғашқы күні ақтық сапарға аттанған Әбдіғаппар Смановтың жаназасына жиналған жұрттың әрекеті әлеуметтік желідегілердің қызу талқысына түсті. Танымал дін қайраткерімен қоштасуға келген халықтың қарасы Айқын Төлепбергенге жақпай қалған сияқты, әнші ғаламторда лезде тараған видеоға қатысты өз пікірін білдірді.

"Жаны жәннатта болсын! Бірақ, біраз күтіп, 40-на да баруға болатын ба еді!" - деді Айқын Төлепберген.

Алайда, Айқынның бұл жазбасы көпшіліктің көңіліне кірбің салған секілді. Олар отандық шоу-бизнестің өкілін жерден алып жерге салды.

"Ақылшыл болмашы! Соңғы сапарға саған ешкім бармай қалса жақсы ма? "Қырық жыл қырғын болса да, ажалы келген өледі!" - деді желідегі оқырмандар.

Ғаламтордағы пікірталаста қос тарап бір-бірін түсінісе алмады. Төлепберген желідегі жұртпен жанжалдасуды жөн көрмеді, оқырмандар да оның сөзіне құлақ асуды қаламады.

"Әрине, әр адам өзінің денсаулығына жауап береді, бәрі Алланың қолында", - деп баруы мүмкін. Бірақ ол өзін ғана емес, үйге барғанда әке-шешесінің қамын ойлау керек деп ойлаймын. Егер үйінде әке-шешесі болса, үйінде үлкен кісілер болса, аурып жатқан адамдар болса, ондай жерге барудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Әрине, өте сыйлы кісі, халық танитын үлкен кісі болғандықтан халық жиналған шығар. Бірақ, бұл жерде бәрібір сақтанғанды сақтайды деген бар ғой. Оның үстіне ағамыз сол аурудан қайтқан болып тұр. Егер тура сол аурудан қайтқан болғанның өзінде де бәрібір адамдардың сенбей барғаны қателік деп ойлаймын!" - дейді Айқын Төлепберген.

Карантин кезеңіндегі діни рәсімдердің жиі талқыға түсуін түсіндіру үшін еліміздің бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы БАҚ өкілдеріне арнайы брифинг өткізді.

"Әрине, адамның өмірі болғаннан кейін өлім болады. Егер ондай жағдай болып қалған кезде жақындарымен, аз адамдармен атқарып, дұғада, тілекте болсақ, ағайын! Әрине, қазақ халқы болғаннан кейін бата беру деген жолдары бар. Оны қазіргі таңда бата беру жолдарын бармай-ақ, қашықтықтан беретін мүмкіндіктер бар. Тек қана қазір бізге керекті мәселе – түсіністікпен қарап, карантин талаптарын қатаң сақтап, бір-бірімізді құрмет қылу. Бір-біріміздің өмірімізді сыйлау, денсаулығымызды сыйлау қазіргі уақытта маңызды болып тұр!" - дейді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен 2020 жылдың 5 шілдесінен бастап еліміздегі карантин шаралары қайта қатаң түрде күшейтілмек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста