8 наурыз туралы 8 «факті»
1. Ресми емес деректерге сенсек, бүгінгі жастардың 46 пайызы үшін 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні, 38 пайыз үшін бұл – «көкке іліну», жай ғана демалуға сылтау табылғанына қуанушылар үлесі - 10 пайыз, қалған 6 пайыз үшін – «екі қойың бір сом», яғни, бәрібір.
2. Ал, Алаш жұрты үшін бұл - Анаға тағзым, әпке-қарындастарға құрмет күні! Ал, Ана образы қалың көрермен жүрегінде Әмина Өмірзақова арқылы қалғандай. Бүгін Әмина Өмірзақованың туған күні!
3. Жалпы, Халықаралық әйелдер күні қарсаңында (6-8 наурыз аралығында) – елімізде гүл саудасынан орта есеппен 100 миллион доллар түссе, Алматыда мереке күндері 20 мың гүл өтеді екен. Оның 70 пайызы – голландық раушанның үлесінде.
4. МұзАрттың «Сен келерсің» әні – 8 наурыздың атрибутына айналды десек, әсте жаңылмаспыз.
5. Қайрат Баекеновті әнші қылған – 8 наурыз болса керек
«4-сыныпта оқып жүргенміде, мұғаліміміз 8-наурыз қарсаңында сынып ұлдарына қыздарға арнап, мерекелік концерт ұйымдастыру туралы ұсыныс жасады. Содан бәрімізден: «кім не істей алады?» – деп сұрады. Ешкім шыққан жоқ, қыздарға жағымды бір нәрсе істегім де келді. Мен батылданып домбырамен ән айта алатынымды көрсеттім. Міне, бәрі осы жерден басталды» дейді ол өз сұхбатында.
6. Осы күні күйеулер үшін еш шығын келтірмейтін сыйлық - әйелін «қызметтен бір күнге босату», Бірақ таңғы астан бастап кешкі төсек салғанша бар шаруаны бір өзі атқара тұруға екі еркектің бірі бара қоймайтынға ұқсайды. Тек екі себеппен ғана:
2) Қалтасында көк тиыны жоқ күйеулер.
7. Езу тарта отырыңыздар, мерекенің ең күлкілі құттықтауы...
8. Бәрін айт та, бірін айт, Малайзияда бұл – Сұлтандар күні!