Сауль Канело Альварес (59-2-2, 39 КО) пен америкалық Джермелл Чарло (35-1-1, 19 КО) көз арбасу рәсімін өткізді. Боксшылар 30 қыркүйек Лас-Вегаста айқасады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл бокс тарихындағы абсолют чемпиондар арасындағы алғашқы жекпе-жек.
"Канело" - екінші орта салмақта IBF, WBC, WBA Super, WBO және The Ring белбеулеріне ие.
Джермелл Чарло - бірінші орта дивизионда IBF, WBC, WBA Super және WBO титулдарын жиған.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz