Спорттық медицинаның көмегімен екі дүркін Олимпиада чемпионы болар едім - Е. Ибраимов

Егер біздің кезімізде Қазақстанда ғылымға негізделген, заманауи, спорттық медициналық орталық болғанда, менің екі дүркін Олимпиада чемпионы болуға мүмкіндігім болар еді. Алматы облысының Талғар ауданында орналасқан Бүкіләлемдік бокс академиясында «Аруана» көпатқарымдық сауықтыру орталығының ашылу рәсімі барысында «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимов осылай деді.

«Біздің кезімізде боксшылардың спорттағы жолы қысқа болды ғой. Физикалық мүмкіндігімен, жігерімен, бапкерлердің күшімен чемпион болып жүрді. Ол кезде 30 жасқа дейін мүмкіндігіңді көрсетсең көрсеттің, көрсетпесең, «сау бол» дейтін. Ал қазір, ғылымға негізделген, инновациялық технологиялар мен бейстандарттық әдістемелермен қамтылған спорттық медицинаның арқасында спортшының спорттағы өмірін ұзартуға мүмкіндік ашылды. Енді, боксшылардың спорттағы жасы 35, бәлкім 36-37 жасқа дейін ұзарса деген ойымыз бар. Мен мысалы, 24 жасымда Атланта Олимпиадасының қола жүлдегері атандым. 2000 жылы - 28 жасымда Сидней Олимпиадасында жеңіс тұғырына көтерілдім. Ал егер, менің кезімде Қазақстанда ғылымға негізделген, заманауи, спорттық медициналық орталық болғанда, екі дүркін Олимпиада чемпионы болуға толық мүмкіндігім болар еді. Әйтпесе, 32 жас - ер азаматтың нағыз пісіп жетілген кезі ғой. Біржан Жақыпов қазір 32 жаста. Оның әлі де жоғары жетістікке қол жеткізер мүмкіндігі зор», - деді Е. Ибраимов.

Айта кетелік, алдағы наурыз айынан бастап, бокстан жастар және жасөспірімдер ұлттық құрама командалары аталмыш орталық мамандарының ақыл-кеңесін алатын болады.

 

 

 

Автор: Жаппарберген Айбота 

www.inform.kz/kaz/article/2872877

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста