"Соңғы сөзін айтқан жоқ". Маман Қанат Исламның ұзақ үзілістен кейінгі оралуына қатысты ойын айтты
Қазақстандық бір жарым жылдай жұдырықтаспады.
2017 жылдың қыркүйегінен бері жұдырықтаспаған қазақстандық кәсіпқой Қанат Ислам (25-0, 20 КО) жақында рингке оралады. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясының президенті Виктор Демьяненко осындай сенім білдірді.
"Қанат Исламның жарақатына байланысты барлық мән-жайды білмеймін. Былтыр көріскенбіз. Ол кезде жаттығуларға кіріскелі жүрген. Жарақат салдарынан осынша уақыт жоғалтып алғаны өкінішті. Климаспен оның болашағы зор. Тезірек сауығуын тілеймін.
Рухы мықты жігіт. Көптеген қиыншылықтарды басынан өткерді, алайда, оны әлі рингтен көреміз деген ойдамын. Ол соңғы сөзін айтқан жоқ", - дейді Демьяненко.
Еске салайық, Ислам 2017 жылдың 9 қыркүйегінде алғашқы орта салмақта WBO NABO және WBA-NABA белбеулері үшін Астанада канадалық Брэндон Кукты (20-2, 13 КО) нокаутқа түсіргеннен кейін жұдырықтасқан жоқ. Оның келесі жекпе-жегі 23 маусым Лос-Анджелеске белгіленген еді, алайда, қазақстандық аяғын жарақаттап алды.
Боксшы наурызда жекпе-жек өткізу жоспары туралы айтқан, алайда, оның жаттығу лагері жарақаттың толық емделмеуіне байланысты кейінге шегерілді.