"Қазақтың Тайсоны": 20 жасында қастандықтан қаза тапқан Ермек туралы не белгілі?

Қазақ спортында таланты асқан, жүрегі түкті спортшылар жетерлік. Бір өкініштісі, жастайынан халықтың қошеметіне бөленген дарынды спортшылар өмірден ерте кетеді. Біріне қастандық жасалса, бірі келеңсіз жайтқа тап болады. Сондай спортшылардың бірі, боксшы Ермек Серіков туралы Bugin.kz порталы зерттеп көрді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

1989 жылы дүние есігін ашқан жампоз барған жарысының бәрінен жүлдесіз қайтпаған. Жасөспірімдер арасында Азия чемпионатын үш мәрте жеңген ол 2005 жылы Англияның Ливерпуль қаласында өткен әлем біріншілігінің күміс жүлдесін иеленді. Тұлпарды тайынан байқаған жаттықтырушылар Ермекті 2009 жылы Миланда өтетін әлем біріншілігіне апармақ ниетте болған. Амал нешік, 2009 жылдың тамызында спортшы қарақшы қолынан қаза тапты.

 

Өз қатарластарының алды болған Ермек «Қазақтың Тайсоны» деген лақап атқа ие болды. Оған себеп марқұмның стилі ерекше, әрі нокаутер еді.

 

Жас талантты кәсіпқой боксқа жаңа бет бұрған Геннадий (GGG) Головкин тәжірибе шыңдауға шақырған. Талантты бірден байқаған Генаның промоутерлері оны жібергісі келмей, кәсіпқой боксқа ауысуға үгіттеген. Десе де, Серіковтың бір арманы Олимп шыңын бағындырау болған екен.

 

Ермек Серіков 2009 жылы, 20 жасында дүниеден салды. Туған қаласы Шахтинсктегі мейрамханалардың бірінде басталған жанжалдың арты үлкен дауға ұласады. Нәтижесінде боксшы ауыр жарақат алып, көп қан жоғалтқан.

 

Ал боксшының өліміне себепкер қарақшы екі жарым жылдай уақыт өткеннен кейін Ресейде ұсталып, Қазақстанға жеткізіледі. Ол кінәсін мойындап 7,5 жылға бас бостандығынан айырылады. Қызығы сол, 2013 жылдың қаңтар айында Владимир Щепин түрмеде жүрек талмасынан қайтыс болған.

 

Көзі тірі болғанда Ермек Серіков қазір 34 жаста болар еді, қыршын кетті. Бір кем дүние.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста