Қазақстаннан шыққан америкалық полицей салмақ өлшеу рәсімінде төбелесіп қала жаздады
Астанада ертең, 9 қыркүйекте өтетін бокс кешінің андеркартында өнер көрсететін боксшылар төбелесіп қала жаздады, - деп хабарлайды Vesti.kz. Айта кетейік, бұл бокс кешінің басты кездесуі қазақстандық Қанат Ислам мен канадалық Брэндон Куктің арасында болатын жекпе-жек.
АҚШ-тан келген боксшы, Қазақстан тумасы Димаш Ниязов (11-0-3, 5 КО) пен бразилиялық Эдуардо Перейра дос Рейестің (22-4-0, 18 КО) салмақ өлшеу рәсіміндегі көз арбасу шараның басты оқиғасы болды. Оңтүстікамерикалық жұртты шулатқысы келіп, қарсыласымен жұдырықтасып кетпекші болды.
Ниязов оның әрекетіне күлкімен ғана жауап берді, сосын оларды промоутер Нельсон Лопес ажыратып алды.
Айта кетейік, боксшылар бірінші жартылай орта салмақ (63,5 келі) жұдырықтасады - бразилиялықтың салмағы 62,1 келі болса, қазақ боксшының салмағы 63,3 келі болды.