Қазақстандық боксшы үшінші қарсыласын да нокаутпен жеңді

Қазақстандық боксшы Виктор Темеров (2-0, 2 КО) кәсіби рингтегі үшінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

22 жастағы қазақстандық Германияда өткен бокс кешінде өнер көрсетіп, тәжірибелі босниялық джорнимен Милош Яньянинмен (16-40, 13 КО) кездесті.

Бірінші орта салмақтағы жекпе-жек төрт раундқа есептелген, алайда айқас ұзаққа созылмады: үшінші раундта Теміров қарсыласын нокдаунға жіберді, содан кейін төреші қазақстандық боксшының техникалық нокаутпен жеңіске жеткенін тіркеді.

Осылайша Виктор Теміров кәсіби мансабында үшінші мәрте жеңіске жетті.

Ол барлығында нокаутпен жеңген.

Ал Милош Яньянин 41-ші мәрте жеңіліске ұшырады.

Теміровтың лақап аты «қасапшы» екенін айта кетейік. Бірақ неміс жанкүйерлері Викторды әйгілі отандасымен салыстырып, «жас Головкин» деп атады.

Еске сала кетейік, кеше қазақстандық екі боксшының Германиядағы айқас алдында салмақ өлшегенін хабарлаған едік.

Sports.kz.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста