Қазақстандық боксшы Ермахан Жақпеков Астанада өтіп жатқан "Елорда кубогы" халықаралық турнирінде сенсация жасап, әлем чемпионын жеңді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Sports.kz сайтының жазуынша, 71 келіге дейінгі салмақтағы жекпе-жекте Жақпеков 2021 жылғы әлем чемпионы, сондай-ақ 2019 жылғы Азия вице-чемпионы жапондық Севон Окадзавомен кездесіп, төрешілердің басым даусымен (3:0) жеңіске жетті.
Ермахан Жақпеков "Елорда кубогы" турниріндегі алғашқы белдесуінде Тәжікстан өкілі Довуд Махамовты жеңді.
Бұған дейін ол жастар арасында Азия чемпионы атанған еді.