Қанат Ислам жаңа шапанын таныстырды

Кәсіпқой бокста бақ сынап жүрген отандасымыз Қанат Ислам жұртышылыққа алдағы жекпе-жегіне киіп шығатын жаңа шапанын таныстырды, деп хабарлайды «Алаш айнасы».
«Аламан» спорттық порталы Қанат Исламға арналған шапанның нобайын көрсетті. Шапан көк және қара түсті, қазақы ою-өрнектермен көмкерілген. Шапанның төменгі бөлігінің сол жағына Қазақстанның туы, ал жағына «Қазақ» деген жазу жазылған. Бұл біздің батырдың кәсіпқой бокстағы лақап аты.
Шапанның кеуде бөлігінің сол жағына боксшы өзінің есімін толық жазса, оң жағына «ZHERSU» деп жазған. Бұл Қанаттың жеке демеушісі Бауыржан Оспановтың корпорациясының төсі белгісі. Сондай-ақ Kanat Islam деген жазудың жоғарғы жағында көк бөрінің суреті орналасқан.
Қанат бұл көк бөріні шапанына жайдан-жай бейнелемегені анық. Көк бөрі – түркі мифологиясындағы киелі ұғымдардың бірі. Қазақ халқы ержүрек, батыл жігіттерді Көк бөріге теңеп, көркем шығармаларда бөріні батылдық пен батырлықтың символы ретінде бейнелейді.
Негізі, бұған дейін қазақстандық боксшылардың шаршы алаңға киіп шығатын шапаны жайлы әлеуметтік желі қолданушылары түрлі пікір білдірген еді. Ол әсіресе Геннадий Головкиннің осы уақытқа дейінгі киіп шыққан шапанына қатысты көптеген сыни пікірлеп айтылған. Бірақ, соңғы кездесуінде Головкин де Қазақстанда арнайы жасатылған шапанды киіп, шаршы алаңға шыққан енді. Міне енді кәсіпқой бокста ел намысын абыроймен қорғап жүрген тағы бір батырымыз – Қанат Ислам да алдағы кездесуіне жаңа шапан киіп шығады.
Бірақ, Қанаттың келесі кездесуі нақты қашан өтетіні белгісіз болып тұр. Осыдан екі апта бұрын Қанат Ислам 1-наурыз күні Ресейдің бас шаһары Мәскеуде жұдырықтасады деген еді. Алайда, арада бір апта өткеннен кейін боксшының жеке демеушісі, меценат Бауыржан Оспанов бұл ақпараттың өтірік екенін айтты. Бауыржан Кеңесбекұлының айтуына қарағанда, Қанат келесі жекпе-жегін наурыз айының басында АҚШ жерінде өткізеді екен.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста