Қанат Ислам: 9 қыркүйек күнін асыға күтіп жүрмін

 Бүгін Қанат Ислам дайындығының өте жоғары деңгейде өтіп жатқанын, 9 қыркүйек күнін асыға күтіп жүргенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол бұл туралы бүгін Астанада «EXPO-2017» көрмесінің аумағындағы амфитеатр маңында жанкүйерлеріне арнап өткізген ашық жаттығуынан кейін ҚазАқпарат тілшісіне берген шағын сұхбатында мәлім етті. «9 кыркүйек күні өтетін бокс кешіне өте жоғары деңгейде дайындалып жатырмын. Қазір өздеріңіз көріп тұрғандай шетелден спарниг қарсыластарым да толығымен келді. Cәтін салса, елорда төрінде елдің еңсесін көтеріп, ерекше бокс кешін сыйлауа әзірмін. Күндер болса жақындап келеді. Бокс өтетін күнді асыға күтіп жүрмін», - деп атап өтті боксшы.

Сондай-ақ, қарсыласы да осал емес екенін атап өтті. «Мен қалай дайындалып жатсам, қарсыласым да солай дайындалып жатқан болуы керек. Ешкім шаршы алаңға дайындықсыз шықпайды. Сол үшін бар күш-жігерімді салып, жеңіске жетуім керек. Бұл ЭКСПО аясында өткелі отырған ірі бокс кеші. Жанкүйерлерім менен үлкен үміт күтіп отыр. Мен сол үмітті ақтай білуім керек», деп ағынан жарылды Қанат Ислам. Еске салайық, 9 қыркүйек күні Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде жоғарыда аты аталған және өзге де боксшыларымыз «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында өтетін бокс кешінде өнер көрсетеді.

Басты жекпе-жек Қанат Ислам мен (24-0,19 КО) канадалық Брэндон Кук (18-0, 11КО) арасында өтеді. Боксшылар бірінші орта салмақтағы IBF титулына үміткерлікке таласады. Сондай-ақ осы жекпе-жектің андеркартында қазақстандық 8 боксшы шаршы алаңға шығады. Олар: Жанқош Тұраров (21-0, 15КО), Жәнібек Әлімханұлы (1-0, 1КО), Мейірім Нұрсұлтанов (3-0,2КО), Руслан Мырсатаев (3-0, 3КО), Әли Ахмедов (7-0,5КО), Айдос Ербосынұлы (6-0, 6КО), Димаш Ниязов (11-0-3, 5КО) және Нұрсұлтан Жаңабаев.

inform.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста