Британиялық промоутер Эдди Хирн қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (42-2-1, 37 КО) болашағы жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
"Мен онымен карьерасы туралы толық қанды сөйлескенім жоқ. Бірақ ол ары қарайда жұдырықтасқысы келетіні көрініп тұрды. Ол екінші орта салмақта жұдырықтасады деп ойлаймын, өйткені тым көп уақыт орта дивизионда болды.
Меніңше, Головкиннің ішкі дауысы: "Мен Фалькаомен айқасқым келмейді, Ларамен де, сондықтан маған белбеулер керек емес. Менің былай да атым шыққан" деп тұрған сияқты", - деп береді Хирннің сөзін Boxingscene.com.