Қазақстандық жеңіл салмақтағы боксшы Димаш Ниязов (12-0-3, 5 КО) Юниондейлдегі Дэниэл Джейкобс (32-2, 29 КО) - Луис Ариас (18-0, 9 КО) бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Sports.kz.
Оған бұл жолы америкалық Агустин Маурас (6-3-3, 3 КО) қарсылас болды. Алты раундтық жекпе-жек бесінші раундта Ниязовтың қарсыласын техникалық нокаутқа жіберуімен аяқталды. Бұл Димаштың кәсіпқой бокстағы он үшінші жеңісі болды.
Оның үстіне отандасымыз әлі жеңіліс не екенін білмей келеді.
Ал Маурас өз карьерасында төртінші рет сәтсіздікке ұшырады.