Ислам дінін қабылдаған боксшылар

Өткен аптада біз порталымызда ислам дінін қабылдаған футболшыларды тізбектеген едік. Енді назарларыңызға ислам дінін қабылдаған атақты боксшыларды ұсынамыз. 

Ислман дінін қабылдаған бірінші боксшы деп Кассиуис Клейді айтуға толық негіз бар. Кассиус Клей деген кім деп таң қалып отырған боларсыздар. Ол атақты Мұхаммед Әлидің азан шақырып қойған аты. Бірақ, 22 жасында Клей өзінің кәсіпқой бокстағы бірінші титулын жеңіп алған соң, ислам дінін қабылдап, есімін Мұхаммед Әли деп өзгерткен. Содан бері ауыр салмақты әлемнің үш дүркін чемпионын, өткен ғасырдың ең үздік спортшысын жұртшылық Кассиус Клей деп емес, Мұхаммед Әли деп таниды.
Ислам дінін қабылдаған даңқты боксшылардың екіншісі – Майк Тайсон. Тайсонның мұсылман болуының өзі ұзақ әңгіме. 1991 жылдың 19 шілдесінде оның өмірін түбегейлі өзгерткен жағдай болады. Дәл осы күні Майк «Американың қара ару» (Мисс Черная Америка) байқауына барып, Дезире Вашингтон есімді байқауға қатысып жатқан арумен танысады. Сөйтіп екеуі Тайсон тұрып жатқан қонақ үйдің бөлмесінде бір түнді бірге өткізген. Ал, ертеңіне Вашингтон: «Майк мені зорлады», - деген көпшілік күтпеген мәлімдеме жасайды.
Ұзақ уақыт тергеуден кейін сот Тайсонды кінәлі деп танып, оны алты жылға теміртордың арғы жағына жібереді. Түрмеде отырған кезде Тайсонның кітап оқуға деген құмарлығы арта түседі. Ал, оның мұсылмандықты қабылдауына Мұхаммед Сиддик есімді азамат себеп болған.
1995 жылы «Темір Тайсон» жақсы тәртібі үшін абақтыдан мерзімінен бұрып шығып, сол уақыттан бастап ислам дінін толық қабылдап, мұсылмандар қатарына қосылған. Қазір ол түрлі қайымырдылық шараларға қатысып, әлемдегі мұсылман елдерді жиі аралап тұрады.
Абақтыға айдалып, сол жақтан ислам дінін қабылдап шыққан даңқты боксшылардың бірі, өткен жылы ғана отандасымыз Бейбіт Шүменовтен айласын асырып кеткен – Бернард Хопкинс. Бернард жас шағында топтастан бандылардың қатарында жүріп, бұзақылыққа жаны құмар адам болған.
Сөйтіп ұрлық жасап, төбелесіп, емен-жарқын жүрген кезде Хопкинс тұтқынға түсіп қалады. Ол кезде Бернард небәрі 17 жаста болып, 18 жылға бас бостандығынан айырылады.
1988 жылы, түрмеде 5 жыл отырғаннан кейін Хопкинс те жақсы тәртібі үшін мерзімінен бұрын абақтыдан шығады. Түрмеден шығар кезде ол ислам дінін қабылдаған мұсылман болатын.
Ислам дінін қабылдағаннан кейін Хопкинс өзінің бұрынғы қылмысқа қатысты өмірімен біржолата қоштасып, боксқа бет бұрады. Қазіргі уақытта ол кәсіпқой бокстың шаршы алаңында 63 жекпе-жек өткізіп, оның 53-де жеңіске жеткен.
Ислам дінін қабылдаған тағы бір даңқты боксшы - Максвелл Антонио Лоуч. Бұл боксшыны көпшілік қауым Мэттью Саад Мұхаммад есімімен жақсы таниды. Өкінішке қарай, бұл боксшы өткен жылы өмірден озып кетті.
Одан бөлек ислам дінін қабылдаған Дуайт Мұхаммад Кави есімді боксшы бар. Ауыр және бірінші ауыр салмақтағы әлемнің чемпионы Кави өткен ғасырдың 80 жылдары қарсылас шақ келтірмейтін боксшылардың бірі болған.
Сондай-ақ ислам дінін қабылдаған боксшылардың қатарында Хасим Рахмет (аса ауыр салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы), Генри Тиллман (ауыр салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы), Әділ Анвар, Әмір Хан (2004 жылғы олимпиада ойындарының күміс жүлдегері), Назим Хамед (бірінші орта салмақтағы әлемнің үш дүркін чемпионы) сынды былғары қолғапты серік еткен спортшылар бар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста