Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мексикалық маман Абель Санчестің командасында қалуы туралы сұраққа жауап берді.
"Соған үміттенемін. Абель командамның ажырамас бөлігі, менімен және командамның бір бөлігі болып қалады деген үміттемін", - деп жауап берді Головкин ары қарай да Санчес жаттықтыра ма деген сұраққа.
Мұның алдында боксшы промоутер Том Леффлермен жұмысын тоқтатқаны туралы қауесетті жоққа шығарды. Қазақстандықтың сөзінше, ол Лефллер мен Санчестің командасында қалғанын қалайды. Головкин бұл екі маманмен 2011 жылдан бері істесіп келеді.