Қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мексикалық Хайме Мунгиямен (36-0, 29 KO) жекпе-жек бойынша келіссөз бастады.
 
Бұл туралы ESPN басылымына мексикалық боксшының промоутері Фернандо Бельтран хабарлады. Бельтран бұл кездесу 2021 жылдың мамырына белгіленіп отырғанын атап өтті.
 
"Әзірге бәрі жақсы өтіп жатыр. Осы жекпе-жекті өткізуге жақсы мүмкіндік бар. Қазіргі таңда келіссөз жүргізіп жатырмыз", - дейді ол.
 
Мунгия кейінгі жекпе-жегінде багамалық бокс ардагері Туреано Джонсонды (21-3-1, 15 KO) алтыншы раундта нокаутпен жеңген болатын.