Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) бұған дейін өзінің шаршы алаңдағы қарсыластарына қалай қарайтыны туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.
«Мен әрдайым қарсыласымды жаншып, тіпті бір жерде оның көзін жойып жібергім келетін. Қарсыластарыммен кейбір боксшылар айтқандай дойбы немесе доп ойнаған сияқты жеңгім келмейтін. Мен оларды басып тастағым келді», &mdash дейді Головкин.
Айта кетейік, Геннадий Головкин 43 жекпе-жектің 36-сын мерзімінен бұрын аяқтай алды. Оның окауттар үлесі &mdash 83,72%. Қазір 38 жастағы қазақстандық IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы белбеуіне ие, ал бұрын оған WBA Super және WBC белбеулері тиесілі болған.