Досжан ОСПАНОВ: Бокстан кетуіме Дычко себеп болды

Батырлық қаннан берілетін қасиет. Қазақтың алып ұлдарының үлкен спортта ел намысын ту етіп, қайсарлық танытуы арды ойлағандықтан. Батыр халықтың ұрпағы екенін дәріптеу болса керек.

Бокста аса ауыр салмақтағы Мұхтарханның жеңісімен әліге дейін марқаямыз, мақтанамыз. Одан бері қазақтың бірде-бір алып ұлы аса ауыр салмақта Ділдәбековтен асып түсе алған жоқ. Ал бертініректе, 2011 жылы Досжан Оспанов Азия чемпионы атанғанда «қанына тартып туған ұл екен» дестік. Өйткені Оспанов – Ділдәбековтің туған жиені. Мынаны қараңыз, Оспановты да осындай жетістікке жетелеген бапкер – Нұрғали Сафиуллин.
Міне, осы Досжан Азия чемпионы атанғанда талай қазақ бөркін аспанға атып қуанып еді. Ауыр салмақта тағы бір қазақтың атойлап шыққанына. Азия чемпионатының жартылай финалында қазақ боксшыларының құтын қашырған қытайлық Жанг Жилейді титықтатып, сабасына түсірген. «Аса ауыр салмақта жаңа жұлдыз шықты» деп сүйінші сұрай жаздық та сонда. Содан кейін батырын ел жоғалтып алды. Қайда кетті, не істеп жүр? Жұрт одан бейхабар…
Төрт жылдан бері көрінбей кеткен батырыңыз жеке кәсіптің көзін тауыпты. Шымкентте шаруасын дөңгелетіп жүр. Біреуге айтар өкпе-реніші, тағар кінәсі жоқ. Мұхтархан Ділдәбековтің өзі былтыр газетімізге берген сұхбатында: «Әркімге бұйырған несібесі болады. Досжан боксқа бізге еліктеп келген бала еді. Бірінші нөмір болмаса да, біраз жетістікке жетті. Спортта қанша жыл жүріп Қазақстан чемпионы бола алмағандарды көз көрген. Бұл жігіт өзінің еңбегіне сай несібесін алды» дегені оқырманның есінде.
Таяуда Шымқалада өзімен жолығып, жағдайдың анық-қанығын сұрап білген едік. Лондон ойындарына жолы түспейтінін білген соң, тер сіңген залды ақырындап ұмыта бастапты…

«Бапкерліктен бас  тарттым»
Инчхоннан Азия чемпионы болып оралғанымда Олимпиада ойындарына барсам деген үміт те үлкейе түсті. Бірақ Иван Дычко өзіне берілген мүмкіндікті пайдаланып кетті. Әлем чемпионатынан жүлдемен қоса жолдаманы да олжалап, үмітімді үзді.. Әйтпегенде, Астанадағы соңғы іріктеу турниріне мен қатысатын болғанмын. Бұйырмаған дүние. Дычко жолдама алғаннан кейін ақырындап жеке кәсіпке ойыстық. Ақыр аяғы шаруаға қол байланды да қалды.
Олимпиадаға жолдама алсам деген ниетім осылайша сағымға айналды әп- сәтте… Келесі Олимпиадалық циклға дейін біраз уақыт бар. Қылшылдаған жиырма бес жаста спортпен қоштастық.. Ал Бейжің ойындарынан сырт қалуыма сол жылы ғана аса ауыр салмаққа ауысқаным себеп. Әйтпесе, бабым ешкімнен кем соққан жоқ..
Қолғапты шегеге ілгеннен бері жаттығу залына да бас сұқпаппыз.. Алғаш рет аяқ басқаным биыл ғана шығар. Қанша жыл жұдырықтасқаннан кейін бет те қайтып қалған ғой. Шаршағаным да рас. Бапкерлікке шақырғандар да болды. Бірден бас тарттым. Шәкірт тәрбиелеу қолдан келмейтінін білемін.
Алла амандығын берсе, облыстағы бір спорт мектебінің басшылығына әрекет жасап жатырмын қазір. Ізімнен ерген інілеріме жол сілтеп, соларды дайындап шығарсам деген ниет қой.
Құдайға шүкір, осы аралықта отбасылы болып та үлгердім. Бір ұл, бір қызым бар. Ұлымның есімін – Әли, қызымды Фатима деп өзім ырымдап қойдым.

«Боксшы болуыма газет мақаласы себепкер»
«Құдайсыз қурай да сынбайды» демекші, жеткен жетістігімнің бәрі маңдайға жазылған тағдырдан. Өткенге еш өкінішім жоқ. Тағдырдың осы арнаға түсуіне нағашы ағам Мұхтарханның да аздап үлесі бар шығар. Екеуміз бір ауылданбыз. Тоқсан сегізінші жылы Азия ойындарынан чемпион болып оралғанда боксқа аздап құмарттық. Ал негізгі себеп болған оқиға «Жас Алаштағы» мақала еді.
2001 жылдың күз айында әкем үйге «Жас Алашты» қолтықтап келіпті. Соңғы бетіндегі «Қайдасыңдар, Мұхтархан мен Әбілсейіттің інілері?» деген мақалаға көзім түсті. Астанада Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спорт мектеп- интернатына бойы ұзын, ауыр салмақты жігіттерді шақыру жайында шағын мақала. Іріктеу қарашаның бірінен басталады екен. Сөйтіп мектептегі сабағымды да ұмытып, спорт мектебіне аңсарым аусын. Үйдегілерді де ақыры айтқаныма көндірдім.Оныншы сыныптың бірінші тоқсаны бітіп жатқан кез. Сонымен, әкем екеуміз Астанаға тартып кеттік. Бағым жанып, интернаттың шәкірті атанып шыға келдім лезде. Елу шақты баладан іріктеліп үшеу ғана қалдық.. Біреуі – Тараздан, екіншісі – Қарағанды және біреуі мен – Шымкенттен. Салмағым жетпіс бес келі еді. Көп ұзамай Астананың чемпионы атандым..
Бір спорт мектебі аздық етіп, талай жерді шарлағаным да қызық. Оныншы сыныпты бітіргеннен кейін Алматыға, Кәркен Ахметов атындағы республикалық спорт мектебіне ауыстым. Онда Қазақстан чемпионы болдым. Сол мезетте  Олимпиадалық даярлау орталығы ашылды. Он бірінші сыныпты сонда бітірдік. Әрі қарай спорт колледжін үш жыл оқып, ақыры оқуды тауыстық.. Мінеки, 2001 жылы Астананың, 2002-2004 жылдары Алматының намысын қорғаппын.
Содан 2004-тен 2005 — ке қараған жылы туған жерім Шымкентке келдім ғой. Астанадағы интернатта бокс өнерін Асқарбек, Дулат Ғазизовтар үйреткен. Шымкентте Нұрғали Сафиуллиндей білікті бапкер жолықты...

«Жанг Жилейден қазақтың кегін қайтардым»
Екі мың он бірінші жылы Азия чемпионатына команда капитаны болып бардым. Ондайда жауапкершілік те ауырлай түседі. Алғашқыда кезіккен үндістандық қарсыласты бір деммен жеңіп шықтық. Жартылай финалда алынбас қамалдай көрінген қытайлық Жанг Жилей жолықты. Құрамадағы кейбір бапкерлердің оны жеңетініме күмәнданғандары да рас. Тек Нұрғали ағай ғана жеңетініме іштей сенді. Өйткені оңашада жеке жаттықтық.. Қытайда жұмыс істеп келді ғой ағайым, Жанг Жилейдің қыр-сырын біледі. Мен де оның жекпе-жектерін алдын ала бей- нетаспадан көргенмін. Маған дейін бірде-бір қазақ боксшысы жеңе алмаған оны.  Иван Дычко үш рет, Руслан Мырсатаев екі рет ұтылған екен. Сол себептен қайраттанып шығып, Алланың қолдауымен жеңіп кеттім әрі кеткен есені де қайтардық..
Төрешілердің қарсыласыма болысып, біраз ұпайымды  бермей қойған жайтты де айтайын. Екінші раундтың соңында төрешілермен айқайласып, сөзге келіп қалған ағайымды да шаршы алаңның сыртына қуып жіберді. Жеңісті қалай да болсын алып қалу ниеттері ғой.. Бұйырып тұр екен. Ал финалда парсы жігітін көп күш жұмсамай-ақ жеңдім. Жанг Жилей 2007, 2009 жылғы Азия чемпионы. Азия ойындарының чемпионы. Екі рет әлем біріншілігінің қола, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері еді.

«Руссо – қолайсыз қарсылас»
«Астана арландары» клубына да ойда-жоқта шақырылып, шамам келгенше өнер көрсеттім. Руслан Мырсатаевтың денсаулығы сыр беріп, бапкерлер АҚШ командасына қарсы жекпе-жекке мені шақырды. Иван Дычко Олимпиадаға жолдама алып қойған. АҚШ-та медициналық тексеріс қатаң екені мәлім. Содан «Лос-Анджелес Матадорс» командасынан Хавьер Торрес деген боксшымен жұдырықтасып, төрешілердің кесірінен жеңіліп қалдым. Протест жазғанымызбен, одан еш нәтиже шыққан жоқ..
Екінші бәсеке Италияда, жергілікті командаға қарсы өткен. Онда әйгілі Клементе Руссодай мықтының өзі тап келді. Оның осал тұсын таба алмағанымды мойындаймын. Өте ыңғайсыз боксшы. Ақыры 2012 жылы қаңтардың үші күні бокстан біржолата кеттім...

«Дычко бұрынғы Дычко емес»
Бүгінде Қазақстан құрама командасы бұрынғыдай емес, әлдеқайда жоғары деңгейде. Бас бапкер Мырзағали аға екі рет әлемнің үздік бапкері атанды. Әлем чемпионатында төрт алтын, Азия ойындарынан алты алтын алу бұрын-соңды болмаған жайт. Жігіттердің бәрінің қадамын бақылап отырамын. Аса ауыр салмақта қарсыласым болған Иван Дычко әлдеқайда шеберлігі шыңдалып, күшейіпті. Азия ойындарында әуселесін көрдім ғой. Әлем және Олимпиада чемпионы болуына толық мүмкіндігі бар Иванның. Алдағыны Алла біледі. Дегенмен оған шамасы әбден жетеді. Өзін көп ұрғыза бермейтін қу боксшылардың бірі.. Әлем чемпионы болуға әбден лайық.

«Олимпиадада үш алтын алсақ…»
Бразилияда өтетін Олимпиада ойындарына да аз қалды. Алла сәтін салса, ешкімнің атын атап, түсін түстемей-ақ қояйын, қазақ боксшыларының үш алтын алуға мүмкіндігі бар. Тағы бір рекордты бұзсақ қане. Соңғы нәтижелерді есепке алғанда осындай ой келеді. Алла қаласа, кемі екі алтын болуы тиіс. Оған да көп уақыт қалған жоқ. Бәлкім, еленбеген біреу топты жарып шығар.

«Sport» газеті
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста