Бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігіне қатысты жаңа дерек шықты. Бұл туралы Азия бокс конфедерациясының ресми парақшасы мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Азия бокс конфедерациясының мәліметінше, 20 маусымда жарысқа тіркеу рәсімі басталуы тиіс болатын. Алайда бұл процестің өтпейтіні белгілі болды. Әзірге, турнирдің неліктен кейінге шегерілгені туралы толық ақпарат шыққан жоқ. Айта кетелік, бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігі 14-30 шілде аралығына жоспарланған болатын. Сары құрлық додасы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтуі тиіс еді.