Боксшыларымыз Өзбекстаннан олжалы оралды

Өзбекстанның Әндіжан қаласында бокстан дәстүрлі  «Golden Valley» халықаралық турнирі аяқталды, деп жазады «Алаш айнасы» интернет-порталы.
Әндіжан қаласындағы Олимпиадалық резеврті даярлау колледжінде өткен бұл бәсекеде Қырғыстан, Өзбекстан және Қазақстанның былғары қолғап шеберлесі шаршы алаңда шеберлік байқасып, жүлдені сарапқа салған. Турнирдің қорытындысы бойынша қазақ боксшылары бір алтын, бір күміс және жеті қола жүлде олжалап қайтты.
Өзбек боксының талай саңлақтарын даярлап шығарған шаһарда ауыр салмақта (91 келі) өнер көрсететін Нұрлан Нұрсейітов пен 75 келідегі Алмасбек Орынғалиев финалға дейін жетті. Ақтық айқаста Алмасбек өзбекстандық қарсыласына шамасы жетпей күміс жүлдені олжаласа, Нұрлан өзбек боксшысы Рустамжон Исмойловтан айласын асырып, алтын медальді жеңіп алды.
Ал, Мейрамбек Мәжитов (52 келі), Дастан Әшірәлі (56 келі), Нұрғазы Жүсіпов (56 келі), Әбдіхалил Балтиев (60 келі),  Жалғасбек Жүсіпов (64 келі), Абай Төлеш (75 келі) және Асқар Дүйсалы (91 келі) сынды боксшыларымыз «Golden Valley» халықаралық турнирінің қола жүлдегерлері атанды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста