Бокстан APB жобасының 49 келі салмақ дәрежесінде Біржан Жақыпов рейтингтік жекпе-жек өткізіп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті, деп хабарлайды "Алаш айнасы".
Біржан Жақыпов APB жобасының бірінші кезеңінде финалға шыға алмай қалып, соңғы турда рейтингтік жекпе-жек өткізді. Осы Гонконгте өткен кездесуінде Чагас Валерио Лоуренсиді төрешілер шешімімен, сәл ғана басымдықпен ұтты.
Бір қызығы, Біржан да APB жобасының бірінші кезеңінде, нақтырақ айтқанда, екінші турында дәл осы Чагаспен айқасып, онда да жеңіске жеткен болатын.
Сөйтіп, Біржан да Ілияс Сүлейменов пен Антон Пинчук сияқты өз салмағындағы кейбір боксшылармен мүлде кездеспей, ал базбіреуімен екі қайта қолғап түйістірді.
Десек те, тіпті ең бастысы, Қазақстан боксшылары соңғы рейтингтік жекпе-жектеріндегі жеңістерінің арқасында 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасының лицензиясына таласатын болады.
49 келі. Гонконг
Біржан Жақыпов (Қазақстан) – Чагас Валерио Лоуренси (Бразилия) – 3:0 (58:56, 58:56, 58:56)
Леандро Блан (Аргентина) – Давид Айрапетян (Ресей) – WO
Марк Антонио Баррига (Филиппин) – Карлос Эдуардо Куипо Пилатакси (Эквадор) – 2:1 (57:57!, !57:57, 58:56)
Финал
Лю Бин (Қытай) – Жун Лин Ву (Қытай) – 3:0 (79:73, 78:74, 79:73)