Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін Азия ойындарына қатысатын Қазақстанның бокс құрамасы белгілі болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
"Мырзағали Айтжановтың бапкерлер штабы Қытай рингіне мықтының мықтысын алып шығады. Олардың кейбіреулері Ташкентте өткен біз үшін тарихи әлем чемпионатынан кейін, басқалары Астана-2023 халықаралық Elorda Cup турнирінің қорытындысы бойынша бәсекеге қатысуға мүмкіндік алды", - делінген ҚБФ әлеуметтік желідегі жазбасында.
Құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов аталған жарысқа келесі боксшыларды іріктеп алды:
51 келі Сәкен Бибосынов;
57 келі Махмұд Сабырхан;
63,5 келі Ертуған Зейнуллинов;
71 келі Асыланбек Шымбергенов;
80 келі Нұрбек Оралбай;
92 келі Сағындық Тоғамбай;
92+ Қамшыбек Қоңқабаев.
Биылғы Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді. Бұл жарыста 40 спорт түрінен жүлделер жиынтығы сарапқа салынады.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz