Әуесқойда Әлімханұлын жеңген. Өзбек нокаутшы өзі жеңілген жалғыз боксшыдан есе қайтарды
2016 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері Бектемир Меликузиев (12-1, 9 KO) америкалық Габриэль Росадомен (26-17-1, 15 KO) қарымта жекпе-жек өткізді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Суперорта салмақтағы айқас Лас-Вегаста өтіп, толық он раунд өтті. Оның қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті өзбекстандық боксшыға берді (99-91 үш рет те).
Боксшылар арасындағы бірінші кездесу 2021 жылы өткен, ол кезде америкалық боксшы Меликузиевті үшінші раундта нокаутқа түсірген болатын.
Еске салайық, Росадо 2022 жылы төрешілер шешімімен қазақстандық Али Ахмедовке есе жіберген, ал сонау 2013 жылы оны Головкин жетінші раундта нокаутқа түсірген еді.
Ал Меликузиев әуесқойда жүргенінде 2015 жылғы Азия чемпионатының ширек финалында Жәнібек Әлімханұлын төрешілер шешімімен жеңгененін айта кетейік.