Бүгін, 25 қаңтарда Азия чемпионатының бұрымдылар арасында финалдық айқастары өтіп жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Бангкокта өтіп жатқан 22 жасқа дейінгілер арасындағы турнирдің шешуші айқасында екі боксшымыз шықты.
Мұның алдындағы тоғызыншы жұпта жұдырықтасқан Жасмин Қизатова (70 келі) Қазақстанның бірінші алтынын жеңіп алды.
Ал ең соңғы 11-жұпта шыққан 81 келідегі Гүлсая Ержан таиландтық Порннипа Чутиден төрешілердің бөлек шешімімен басым түсті - 29:28, 30:27, 26:30, 27:30 және 29:28.