Қазақстан мен Корея достығының белгісі

Алматы қаласындағы Корей Республикасының Бас консулы Чжон Сынг-Минға (JeonSeung­Mіn) «Еуразия тарихы бойынша құрметті докторы» дипломы салтанатты түрде табыс етілді.

Бас консул Тұран университетінің ректоры, профессор Р.Алшановқа және университеттің барлық ұжымына көрсеткен сеніміне алғысын білдірді. Чжон Сынг-Мин мырза Корей және Қазақ­стан халқының арасында рухани туыстықты атап өтті. Келешекте білім және ғылым саласында ынтымақтастықты дамытуға университеттің ұжымына өзінің ықыласын және тілегін жеткізді.

Тұран университетінің ректо­ры, профессор Рахман Алшанұлы өз кезегінде біздің елдеріміздің арасындағы ынтымақтастықты дамытуда және Корей газетте­ріндегі Қазақстан туралы мақа­лалар арқылы корей оқырман­дарын таныстырудағы, Қазақ­стан­ның тарихын және мәде­ниетін оқып-білуде қызығушылық танытуларына Бас консул Чжон Сынг-Миннің қосқан үлесін атап өтті.

Салтанатты табыстаудан кейін Бас консул біздің университе­тіміздің «Аймақтану» және «Ха­лық­аралық қатынастар» маман­дықтарының студенттері үшін «Корей халқының тарихы және қазіргі жағдайы» тақырыбына дәріс оқыды.

Еркенұр Ерзия

 

Автор
Последние статьи автора
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста