Дүнген ұйғыр орталығының «Көктемнің шабыты» концерті өтті

Дүнген ұйғыр орталығының «Көктемнің шабыты» концерті өтті

11 сәуірде Алматы қаласында «ЩинСын» қалалық этномәдени дүнген орталығының ұйымдастыруымен «Көктемнің шабыты» дүнген-ұйғыр достық концерті болды.

140 жылдан астам уақыт ішінде бір шаңырақ астында тату тәтті өмір сүріп келе жатқан Дүнген-Ұйғыр орталығы мәдени іс-шара кезінде де өз достастықтары мен ынтамақтарын танытады. Кезінде Қазақстанның құнарлы жерлерін игеруге келген дүнген ұйғыр ұлттарының бүгінгі ұрпақтаы бүгінде қазақ елінің дамуы үшін еңбек етуде. Негізі Ұйғырлар Қазақстан территориясына алғаш рет 19 ғасырдың соңына таман келіп қоныстанған. 1881-83 жылдары қазіргі Алматы облысының территориясына Қытайдан 40 мыңнан астам ұйғыр көшіп келген. Қазақстанның оңтүстік-шығыс өңірі бүгінгі таңда ұйғыр халқы өкілдерінің ең көп тұратын жалғыз ғана географиялық нүктесі. Олардың саны - 237,582. Ұйғырлар Қазақстандағы ең көп санды диаспора қатарына жатады. Қазақстанның оңтүстік-шығысымен шектесіп жатқан Қытай елінде, яғни, Шынжаң –ұйғыр автономды ауданында 11 миллионға жуық ұйғыр тұрады. Ал, әлемдегі ұйғырлардың саны 20 миллионнан асып жығылады. Қазақстандық ұйғырлардың көпшілігі Алматы облысында шоғырлана орналасқан. Олардың жартысына жуығы ауылда тұрып еңбек етеді, қалғандары қалаларда, басым көпшілігі Алматыда тұрады. Республикалық мәдени орталық та осында жұмыс істейді. Қазақстанның ең ірі қаласында әлемдегі жалғыз ғана кәсіби ұйғыр театры және әлемдегі жалғыз ғана ұйғыр гимназиясы орналасқан. Ал республикада таза ұйғыр тілінде оқытатын немесе аралас мектептер саны жетпіске жетіп жығылады. Ұйғыр диаспорасы өкілдерінің 20 мыңға жуық жас буын өкілі туған тілінде білім алады. Республикалық ұйғыр мәдени орталығының деректері бойынша, Қазақстандағы ұйғырлардың бәрі дерлік туған тілінде сөйлейді. Қазір ғана туған тілін меңгеруге талпына бастаған шағын топ бары да рас, олар көбіне қала тұрғындары. Ал ауыл-аудандардағы ұйғыр диаспорасының өкілдері тек туған тілін ғана емес, қазақ тілін де жақсы меңгерген. Бүгінгі таңда Қазақстандағы ұйғыр диаспорасының өкілдері барлық салаларда- экономикада, саясатта, мәдениетте табысты еңбек етіп жүр. Бірнеше жыл бұрын құрылған республикалық ұйғыр мәдени орталығының ұйымдастыруымен атқарылған ұлттық салт-дәстүрді, тіл және мәдениетті сақтауға бағытталған іс-шараларын өткізіп тұрады. Осы орайда олардың жыл сайын "Көктемнің шабыты" концертін ұйымдастыруы да қалыпты жайтқа айналған. Концерттік бағдарламадан басқа, көрмені ұйымдастыру үшін үлкен жұмыс ұйымдастырылды, онда суретші Халима Шимова, «Дунган асүйінің рецептері» кітабының авторы Зинаида Гадировна және картиналардың авторлары қатысты. Дунган музейінің директоры Мұса Губарович мұражай экспонаттарымен, сондай-ақ ескі үйлену шаштарында мастер-класс, ұлттық тоқыма және дәстүрлі ұлттық киімнің көріністерін көрсетті.

Сондай-ақ көрмені ұйымдастырушгы, ұйғыр суретшісі Венера Важитова Қазақстан Республикасының Суретшілер одағының мүшесі, ұйғыр халқының қолтанбалы өнерімен таныстырды. Концертке 500-ден астам адам қатысты. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста