Алматыдан соғысқа аттанған жауынгердің сүйегі 74 жылдан кейін Алматыға жеткізілді

Алматыдан соғысқа аттанған жауынгердің сүйегі 74 жылдан кейін Алматыға жеткізілді

Ұлы Отан соғысы салған жара жүректерден әлі өшкен жоқ. Соғысқа аттанып хабарсыз кеткен әкесін, бауырын, туысқанын сарғая күтіп қанша ма жан өмірден өтті десенші.
Алматы қаласынан соғысқа аттанып туған шаһарына қайтып орала алмаған жауынгерлер де баршылық. Өзге ұлт өкілі болса да, өмірдің ағысы, тағдырдың тәлкегімен Қазақстанның жүрегі болған Алматы қаласына қоныс аударып келіп, осы жерде көгеріп, көктеп, қонақжай қазақ елін өз елі, кең байтақ жерің туған жеріңдей көрген жандар қанша ма? Иә, ондай жандар қасиетті Алматы топырағын қастерлеп бас иеді. Осындай істер халықтар достығын нығайтып, бауырластықты, татулықты арттыра түседі.
Жақында ғана сұрапыл соғыстың бір ғана бөлшегіндей болған жан толқытар оқиғаның куәсі болдық. Эстония жерін неміс фашистерінен қорғауға қатысқан жауынгер Андрей Нагайцевтің сүйегі 74 жылдан кейін еріктілер арқылы туған жері Алматыға әкелініп қайта жерленді.
1944 жылы Отан қорғау жолында қаза тапқан Андрей Нагайцевтің құрметіне Алматы қаласында қаралы марш өтті. Батырдың сүйегі Нарва қаласының түбінен өткен жылы табылған еді. Осы уақытқа дейін ол соғыста жоғалған жауынгерлер санатында болыпты.
Оның жалғыз ұлы Александр бұл сәтті ұзақ жылдар сарғая күткен. Ол қаралы жиында әкесінен қалған жалғыз көз саналатын суретті кеудесіне қысып қатты толқыды.
«Әкем 1939 жылы Фин соғысына қатысқан. Содан кейін 1941 жылы Этония түбінде немістермен болған шайқаста қаза тапты. Қандай жағдайда қаза тапқанын мен білмеймін. Осы уақытқа дейін әкемді соғыс кезінде опат болған белгісіз батырлардың қатарында санап келдік», - дейді Александр Нагайцев.
Былтыр маусым айында Нарву қаласына ресейлік іздеушілер барып, зерттеу жұмыстарын жүргізіпті. Сарғайған тарих парақтарына зер салсақ сол жерде 9 ай бойы қиян-кескі шайқас болғанына көз жеткізуге болады.
«Эстонияның Вайваро елдімекенінде 8 жауынгердің сүйегі табылды. Өкінішке қарай, олардың біреуін ғана анықтадық. Оның алған медальдары арқылы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің мұрағатына сауал жолдап, хат жазып, ордендердің нөмірі бойынша анықтадық. Сол арқылы ол марапаттар Нагайцев Андрейге тиесілі екенін білдік», - дейді Front Line әскери-тарихи қоғамының өкілі Андрей Лазурин.
Жолдаған сауалдарына жауап алған соң еріктілер батырдың туыстарын іздеп, ғаламтор арқылы жауынгердің баласын тапқан. Жарты жыл бойы еңбектеніп белсенділердің көмегімен сүйекті өз отанына жеткізді. Міне 74 жылдан кейін Андрей Нагайцевке батырға лайық құрмет көрсетіліп, туған жері Алматыда жерленді. Батыр тиесілі ордендер жалғыз ұлының қолына табыстады.

Таңат Жайлауов,
Алаш айнасы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста