Отандық жас ғалымдардың жұмыстарына шетелдіктер қызығушылық танытып отыр

 Елімізде қазіргі заманға сай ойлай алатын, білімді, зерек жастардың қатары күн санап көбейіп келеді. Солардың бірі «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Тимур Рыспеков. Бүгінгі таңда алматылық өнертапқыштың инновациялық жұмыстарына әлемнің алпауыт комапнаиялары, соның ішінде Майкрософт және НАСА агенттігі қызығушылық танытып отырған көрінеді.
Небір компьютерлік бағдарламалар жасайтын жас жігіт әлемдік деңгейдедіг бағдарламалар жасауға кірісіп те кетікен. Сондай-ақ ғылым саласында үлкен жетістіктерге жетіп жүрген тағы бір ерекше талант иесі, химик Диас Тастанбеков те жас ғалымдардың санын арттыруға белесене атсалысып жүр.
Қазақстанның тарихындағы ең жас өнертапқыш Тимур Рыспековтың роботы күзет жүйесінің міндетін атқара алады. Роботқа орнатылған камераның мүмкіндігі жоғары. Дарынды жастың құлтеміріне тек отандық ғалымдар ғана емес, шетелдік сарапшылардың да қызығушылығы жоғары. Оның тағы бір жұмысы – қоршаған ортаны талдауға арналған. Бұл робот тұтастай бір метеорологиялық стансаның қызметін жасайды. Оның туындылары тек отандық ғалымдар ғана емес шетелдік сарапшылардың ерекше қызығушылығын тудырған.


Суретте Тимур Рыспеков

«АҚШ-тың NASA агенттігінің жүйесіне арнап түрлі талдаулар жүргіземін. Өзімнің өзге де жобаларымды NASA spay challenge-де ұсындым. Одан бөлек, халықаралық тау-кен рудасы компаниясына арнап түрлі қосымша дайындап жатырмын. Одан бөлек, ата-аналарға балаларының компьютеріне бақылауы үшін, канадалық білім бағдарламасына арнайы қосымша әзірлеудемін»,-деді өнертапқыш Тимур Рыспеков.
Тимур мектепте оқып жүргенде-ақ, 50-ге жуық жоба ойлап тапқан. Соның ішінде 28-іне патент алған. Ол бала кезінен есепке жүйрік, математиканы жақсы игерген. Ерекше қарым-қабілетімен қаршадайынан көзге түскен жігіт информатика мен физика пәндерін де жетік меңгереді. Қазір Майкрософт компаниясының тапсырысымен арнайы бағдарлама жасап жатыр.
«Бұл жоба сурет және видео файлдарының презентациясына арналған. Absolut Viewer бағдарламасы жадты үнемдеп, көп ақпаратты сақтауға мүмкіндік береді. Қазір бірнеше адам бірлесіп істейміз. Тобымда жалпы 3 адам бар»,-деді өнертапқыш Тимур Рыспеков.
Ал химик Диас Тастанбековтың жобасы ауыл шаруашылығы саласында берер пайдасы мол. Бұл жоба өсімдікті топырақсыз өсіруге мүмкіндік береді. Яғни, өсімсдіктердің тамырына барлық қажетті нәрлі заттары бар сұйықтық шашылып тұрады. Әдетте топырақта өскен өсімдікке түрлі зиянкестер әсерін тигізбейді. Тың әдіс арқылы жоғары сапалы өнімді алуға болады. Оған қоса, барлығы автоматтандырылғандықтан, қосымша жұмыс күшінің де қажеті жоқ.
«Бізде аэропоникалық 30 қондырғы болса, ол 30 қондырғы 150 шаршы метр орын алады. Бірақ осының бәріне бір-ақ адам қажет. Қалғанының барлығын интернет арқылы, компьютер арқылы жұмыс істей береді. Басты мақсатымыз ол күніге тұрақты 30 келі өнім алу. Осы мақсатқа қазір жетудеміз. Сол мақсатқа жеткеннен кейін нарыққа толығырақ шыға береміз. Қазір бізде өнім бар. Бірақ біз оны сатпауға тырысамыз»,-деді химик Диас Тастанбеков.
Диас Тастанбеков аэропоника әдісінен бөлек, өзге де жобаларды іске асырмақ. Яғни, зымыран модельдеу бойынша білім беру орталығын ашпақ ниетте. Осы арқылы жастардың ғылымға деген қызығушылығын арттыруды көздеп отыр. Орталық өз жұмысын күз айында бастамақ.
Алаш айнасы

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста