Үш тілді білім беру – жарқын болашақтың кепілі

Үш тілді білім беру – жарқын болашақтың кепілі

Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Ол – тәуелсіз ұлттың мәдениеті мен салт-санасының, рухани болмысының тірегі болып табылады. Тіл арқылы халық өзге халықтардан ерекшеленеді және өзінің даралығын анықтайтын белгісі. Қазіргі жаһанданған, ақпараттың дамыған ғасырында болып жатқан түрлі өзгерістер мен жаңашылдықтар еліміздің білім беру жүйесінеде өзінің тың жаңашылдықтарын енгізіп отыр.

Қазіргі таңда өзара байланысы мен өзара тәуелділігі басым әлемде жас ұрпақты бәсекелестікке дайындаудың бірден бір жолы үш тілде білім және тәрбиелеу болып табылады. Қазіргі үш тілді білім беру – колледждегі оқу пәндерін екі немесе оданда көп тілде оқыту, жас ұрпақты білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашады, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп , өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін ең басты қажеттілік деп атауға болады.
Елбасымыз көздеген әлемдік рейтинг кестесінің жоғары бөлігіне іліккен елдер қатарынан орын алуымызға мүмкіндік беретін басты негіздерінің бірі — жастарымыздың ерккін дамуына , жан-жақты білім алуына белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау болып табылады. Әлемдік білім беру және білім алу кеңістігінде бәсекеге барынша қабілетті кірігудің тиімді жолдарының бірі – әрбір қазақстандық кемінде 3-4 тіл білуі деп атап өтті.
Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Әрбір ұлт өкілдері өз тілдерін, салт-дәстүрін сақтап қалуы үшін барлық жағдай жасалуда. Оны елбасымыз Н.Ә.Назарбаев та атап өткен болатын: «Біз көпұлтты қоғамбыз. Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен ұлыстардың тілін, мәдениетін және салт-дәстүрін дамытуға барынша жағдай жасауды алдыңғы уақытта да жалғастыра беретін боламыз» деп тіліміздің, мәдениетіміздің дамуына бар мүмкіндік жасап отыр.
Химия пәнінен ағылшын тілімен байланыстыра оқыту оқушылардың сөздік қорын кеңейте отырып, жаңалық ашуға, әртүрлі бақылаулар, тәжірибелер жүргізуге құлшындырады. Қарапайым көрсетулер студенттердің өз бетімен ізденуге, танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамытуға бағыттайды. Сонымен қатар алған білімді өмірге деген қажеттілік қанағаттандыру мақсатында меңгертілуі қажет екендегіне оқушы санасына сіңіріледі.Ең бастысы оқушылардың ағылшын тілін меңгеруі сөздік қоры толығады, сөйлеу дағдысы қалыптасады. Сабақ барысында қосымша берілетін химиялық терминдер сөздігі студентердің сөз қорын қалыптастыруға өз көмегін береді.
Қазақстандағы қазіргі білім берудің маңызды бөлігі – осы үштұғырлы тілде білім беру.Ол дегенім білім алушылардың басқа ұлтардың мәдениетін білуі,өмір сүру салтын,дәстүрін білу,халықтардың рухани құндылықтарын тану,өзге ұлтардың мәдени құндылықтарын сыйлау қадірлеу жүйесі. Осыған орай мемлекеттік тілдің қызметін арттыру үшін түрлі бағдарламалар, жобалалар қабылдана бастады. Солардың бірі – «Үштілділік» мемлекеттік бағдарламасы. Бастауын елбасымыз Н.Ә.Назарбаев салып берген бұл бағдарлама қазақ тіліне үлкен басымдылық беріп отыр. 2011 жылдан бастап мықтап қолға алынған жоба бүгінгі күні өз жұмысын бастап кетті әрі оң нәтиже беріп келе жатыр. Елбасымыз Қазақстан халқы ассамблеясының ХҮІІ сессия отырысында Қазақстан аймағында тұрып жатқан халықтардың басын қосатын тіл қазақ тілі болуы керек деп анық атап айтты:
«Қазақстанды, қазақты достықтың киелі шаңырағына теңесек, түрлі этностар оның алтын арайлы шуақтары іспетті.
Тілдер гармониясы. Тілдер гармониясы дегеніміз – тілдердің үйлесімде бірлесіп өмір сүруі. Бұл көпұлтты мемлекетке тән құбылыс. «Ұлттардың бір-бірінен тілдік айырмашылығы олардың кеңістіктегі гармониялық бірлігін де қамтамасыз етеді. Дүниенің сұлулығы, табиғаттың кереметі – ондағы сан алуан түстердің гармониясы болуымен құнды десек, адамзаттың рухани әлемнің байлығы – әртүрлі ұлт мәдениеті мен ұлт тілдерінің гармониялы дамуымен де ерекше».
«Үштілділік» бағдарламасының негізінде қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілідерін меңгеру көзделуде.
Орыс тілін білу – тарихи артықшылығымыз. Орыс тілі арқылы қазақстандықтар бірнеше ғасыр бойы қосымша білім алып, ел ішінде де, шет жерлерде де өз дүниетанымындары мен араласатын орталарын кеңейтіп жатыр.
Ағылшын тілін меңгеру – жастарға әлем танудың кілті болмақ. Ағылшын тілін білу біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады. Ол – жаһанданудың кепілі.
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Еліміздің тәуелсіздігінің нышаны. Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде, яғни қазақ тілі – болашақтың тілі.
Үш тілді білім беру – тұлғаны қалыптастырудың негізі. Қазіргі кезде қоғамдық қатынас жағдайында тұлғаның қалыптасу деңгейі көбінесе адамның өзін – өзі жүзеге асыра алуына,бәсекеге қабілеттілігіне және әлеуметтік ұтқырлығына тікелей байланысты.
Қазіргі оқу үрдісінде пәндердің мазмұнын кірістіру өзектілігін одан әрі артырып,осы үрдісті ақпаратық оқыту құралдарымен пән мазмұнына сай жасақталу мәселені шешумен ұштастыру керек етіп отыр. Осы ретте химия пәнін орыс және ағылшын тілдерімен ақпараттандыру негізінде кіріктіріп оқыту тиімді. Пән арқылы кіріктіру арқылы материал мазмұның тереңдігін және оны саналы меңгеруді қамтамасыз ете отырып, студенттердің өзіндік жұмыстарын орындалу деңгейін көтеруге қол жеткізуге болады.
Химия пәнін үш тілде оқытуда кіріктірудің оңтайлы жолдарын ақпараттың комуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға болады. Химия пәнінен үш тілде кіріктіре оқыту барысында тақырып бойынша тиісті бөлімдерін игеруді жақсартады,олардың кіріктірілген пәндерге деген танымдық қызуғушылығын артырады, сонымен қатар теориялық материяалдарды іс тәжірибеде қолдану шеберлігін артырады. Химия пәнін ағылшын тілімен кіріктіру арқылы бүгінгі студентке, ал ертенгі маман иесі өзге елдердің мамандарымен бәсекеге қабілеттілігін артырады, өзге мемлекеттердің мамандарынан үйренуге жол ашады.
Көптілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең қажеттілік. Үш тілде оқыту – заман талабы. Негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік анықтауға қабілетті мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Үштілдік туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев білім және ғылым саласы қызметкерлерінің III съезінде сөйлеген сөзінде: «Ағылшын тілінің қажеттілігі әлемге тән қажеттілік, бүгінгі күн талабы.
Ал орыс тілін жақсы білу – біздің байлығымыз» десе, 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі- ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деген болатын. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгеру адамның жеке және кәсіби қызметінің қазіргі қоғамның ажырамас компоненті болып отыр. Осының өзі үлкен көлемде адамдардың практикалық және кәсіби тұрғыда көп тілді меңгеру қажеттілігін тудыруда. Ағылшын тіліне ерте жастан оқыту жақсы әрі еркін меңгеруге ғана емес, сонымен бірге адамның интеллектуалдық, тәрбиелілік және рухани потенциалын жақсартатынын бүгінгі таңда түсіндіріп жатудың қажеті жоқ. Көпжылдық зерттеу көрсеткендей, ағылшын тіліне ерте жастан оқыту балалардың жалпы және тілдік дамуын реттейді, бастауыш мектепте тәрбиенің жалпы білімдік құндылығын көтереді, балаларды өзге ұлт мәдениетін білуге үйретеді. Бүгінде еліміз жаңа ғасырдың табалдырығын абыройлы көрсеткіштермен аттап, дамыған елу елдің қатарына қосылуға бет бұрғандықтан, еліміздің білім беру жүйесі де әлемдік білім талаптарына сәйкес болуы тиіс. Сондықтан ақпараттық және коммуникативтік құзыреттілікпен қатар, бүгінгі таңда полимәдениеттілік білімнің базалық құзыреттілігі ретінде танылып отыр.
Қорыта келгенде, Қазақстанның тілдер саясатындағы басты бағыт – тілдердің үштұғырлылығы. Тілдердің бірлік пен үйлесімде өмір сүруі және бір-бірін ығыстырмауы тілдер гармониясын құрып, солай аталып та жүр. Басымдылық мемлекеттік тілге беріліп отырғаны баршаға белгілі. Ағылшын тілін меңгеруге ден қойылуда. Алайда, Қазақстан жерінде тұратын азаматтардың басын біріктіретін тіл ретінде қазақ тілі көш бастауы керек. Келер ұрпақтың мемлекеттік тілде сөйлеуі заман талап етіп отырған жағдай. Елдің ертеі өсер биік ,дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтардың өсуі үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой –пікірмен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет.

 

 Темірғалиев Рүстем
Атырау энергетика және құрылыс колледжі


Пайдаланылған әдебиеттер:

Ақиқит. 2014 жыл, №4. «Ел тәуелсіздігінің нышаны – мемлекеттік тіл», ф.ғ.к. М.Салқынбаев.
Ақиқат. 2015 жыл, №1. «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
Қазақстан Республикасының Конституциясы
Ақиқат. 2012 жыл, №5. «Қазақ тілін білу — әншейін бір ұран емес», Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы ассамблеясының ХҮІІ сессиясында сөйлеген сөзі
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы (баптары бойынша түсіндірмелерімен) және оны жүзеге асыру жӛніндегі құжаттар. Алматы. – «Дастан» баспасы, 2010 – 336 бет.
www.egemen.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста