Зерделі және ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу – отандық оқу орындарының міндеті

Зерделі және ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу – отандық оқу орындарының міндеті

 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздегі саяси реформалар мен эконо­микалық жаңартулардың логикалық жалғасы іспетті «Рухани жаңғыру» бағдарламасы – Қазақстан халқының қызу қолдауына ие болған маңызы ерекше жоба. Осынау стратегиялық маңызы зор бағ­дарламаны жүзеге асыру үшін Қазақ мем­лекеттік Қыздар педагогикалық универ­ситетінде кешенді шараларды жүзеге асыру қолға алынды. Бұл туралы «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері. профессор А.САТБЕКОВА, әңгімелеп берді. 

Осыдан тура бір жыл бұрын Елбасы жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы біздің қоғамға, ұлтқа және ұлттық рухқа үлкен серпіліс берді. Қазақ қоғамының алдағы уақыттағы дамуының бағытын анықтады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұл бағытта тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын атап көрсетіп те берді. Бірінші – бәсекелік қабілет, екінші – прагматизм, үшінші – ұлттық бірегелікті сақтау, төртінші – білімнің салтанат құруы. Бесінші –Қазақстанның эволюциялық дамуы. Алтыншы – сананың ашықтығы!

Қазақ халқының рухани құндылық­тарын дәріптеп насихаттау, оны түгендеп саралау, заман талабын ескере отырып дамытуға арналған келелі ойларды бүгінгі күні қазақ елі бойтұмар тұтынады. Ұлтын сүйген Елбасының бұл мақаласы санаға сілкініс сыйлап, ойға тағдыршешті қозғау салды.

Рухани жаңғыру дегеніміз, ұлттық салт-сана, әдет-ғұрып, мәдени дәстүрлерді берік сақтай отырып, оны жаңа заман жетістік­терімен, жалпыадамзаттық құндылықтар­мен байыту.

Университетімізде атқарылатын жұ­мыс­тар «Рухани жаңғыру» бағдарлама­сының алты бағытын қамтиды:

Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру;

Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық;

«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы;

«Туған жер» бағдарламасы;

«Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы;

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы.

ҚР Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевтің тапсырмасына орай біздің университетімізде Жобалық кеңсе ашылды. Кеңсенің жауапты үйлестірушісі болып филология ғылымының докторы, про­фессор Тыныштық Ермекова тағайын­далды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудың басты тетіктерінің бірі – оқу үдерісі. Осыған орай қоғамдық сана­ны жаңғырту үдерісін табысты жүзеге асыру үшін университет мамандықтарына рухани жаңғыруға қатысты элективті пәндер енгізілді.

Атап айтсақ, барлық мамандық бойынша «Ұлы дала тарихы» кешенді пәнін әзірлеу жүзеге асырылды. Әлеуметтік-гуманитар­лық факультетінде «Ұлы дала тарихы» жаңа пәнінің жұмыс оқу бағ­дарламасы және типтік оқу бағдарламасы құрастырылып, оқу үдерісіне енгізілді. Сондай-ақ, География мамандықтарына – «Өлкетану», «Шоқан Уәлихановтың географиялық зерттеулері», Туризм маман­дығына – «Туристік елтану», «Қазақстан­ның туристік орталықтарының геогра­фиясы», Филология, Қазақ тілінде оқыт­пайтын мектептердегі қазақ тілі мен әде­биеті, Қазақ тілі мен әдебиеті маман­дықтарына – «Латын графикасы және қазақ жазуы», «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандығына – «Искусство и литература Казахстана» пәндері енгізілді.

Бағдарламаның түйінді бағыттарының бірі – Қазақ тілін біртіндеп латын әліп­биіне көшіру болса, осыған орай «Латын орталығын» ашу ісі қолға алынды. Аталған орталық мектепке дейінгі балабақша тәрбиешілері мен бастауыш сынып мұғалімдеріне, университет студенттеріне және басқа да жаңа әліпбиді үйренем деушілерге арнап оқу-әдістемелік кешен әзірлеуде. Алдағы жоспарымыз бойынша ағылшын, түрік, қытай тілдерін үйретін «Лингвоорталық» пен Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Педагогикалық-психологиялық түзету кабинетін» ашу жұмысы қолға алынатын болады.

Қоғамдық сананы жаңғыртуда «Саналы азамат» базалық бағыты бойынша қазақ тілі, әдебиет және тарих, т.б. пәндерден өткі­зілетін университетішілік, қалалық, респуб­ликалық дәстүрлі пәндік олимпиа­далар жаңа форматтағы зияткерлік олим­пиада­ларға ұласады.

Бітіруші түлектерге рухани жаңғыруға қатысты дипломдық, магистрлік, доктор­лық диссертациялар тақырыптары берілді.

ҚР Білім және ғылым министрлігі жариялаған «2018–2020 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржылан­дыруға» өткізілетін конкурстан 4 жоба жеңімпаз болып танылды, оның екеуінің «Рухани жаңғыруға» тікелей қатысы бар: «Латын графикасына өтуге байланысты интерактивті үйретуші бағдарламалар жасаудың лингвистикалық негіздері мен мультимедиялық технологиясы», «Жаһан­дану жағдайындағы БАҚ және оның қоғамдық сананы рухани жаңғыртуға ық­палы (лингвистикалық аспект). Осы жоба­лардың орындаушыларының 30 пайыздан астамы жас ғалымдар.

Университетте «Рухани жаңғыру» бағ­дарламасына арналған халықаралық, республикалық, аймақтық, университе­тішілік конференциялар мен шеберлік сыныптар, «Дөңгелек үстелдер» ұйымдас­тырылуда. Ұлттық бірегейлікті сақтау, ұлттық сананың кемелденуіне ықпал еткен маңызды басқосулардың қатарында «Алаш мұрасы және Қазақстан қоғамындағы рухани жаңғыру: сабақтастық мәселелері», «Мемлекеттік тілді оқытудың ұлттық моделі: әлемдік тәжірибе және заманауи әдістер», «Ғылым, білім және инновация – «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» идеяларын жүзеге асыру негіздері», т.т. конферен­циялар, ғылыми семинар мен «Дөңгелек үстелдер» (Алаш идеясы» мен «Мәңгілік ел» идеясының сабақтастығы», «Жаңартылған білім беру мазмұны жағ­дайында мектепке дейінгі және бастауыш білімнің сабақ­тастығы», «Абай ілімі: рухани жаңғырудың ұлттық концепциясы», «Бояулар үні», «Ла­тын әліпбиіне көшудің өзекті мәселелері», т.т.) сияқты шараларды атап өтуге болады.

Әлеуметтік-тәрбиелік бағытта да көп­теген игілікті шаралар жүзеге асырылды. Бұл жұмыстар да алдағы уақытта өз жалға­сын табады. «Бір ел – бір кітап. Бір уни­верситет – бір кітап» акциясы аясында флешбук, үш тілде эссе байқауы (Алматы – город моей мечты), «Жырым сенсің, туған ел!» жас ақындар сайысы, экспедиция, саяхат (Қазақстанның қасиетті жерлері, Таңбалы тас, т.т.), «Ұлттық код – халық тек­тілігі мен рухани санасының негізі» трэйлер сайысы, «Қыз тәрбиесі – құндылықтың кілті» «Дөңгелек үстел», ««Туған жер – тұнған тарих» видеоролик және фотога­лерея, «Заманауи мәдени орта­дағы ұрпақ тәрбиесі» ТED-X алаң, жылжымалы кон­церттік қойылым («Ауы­лым – алтын бесі­гім!»), қалалық поэзия сағаты, әр түрлі тақырыпта брейн-ринг, фестиваль, чемпио­наттар, кездесулер, шығармашылық жәрмеңке, апталық қайырымдылық акциясы, т.т. жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, университеттің бастама­сымен және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қолдауымен 2018 жылдың 26 сәуірінде Қазақстан жас-ғалым педагогтарының Бірінші слёті өтеді.

Алматы қаласы «Unіversіty 38» уни­верситеттер Альянсы аясындағы «Тіл мен әдебиет», «Lіngvo», «Өлкетанушылар», «Са­рапшылар» клубтары аясында үйлестіреді.

Университет студенттері мен ғылыми-педагогикалық қызметкерлері республи­калық, халықаралық олимпиада конкурс­тарынан жүлделі орын алып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша респуб­лика көлемінде өтіп жатқан түрлі форум­дарға қатысып, туған жері – кіші Отаны­ның көркеюіне өз үлестерін қосуда.

Жастардың борышы – аса маңызды стратегиялық құжатта Елбасы қойған міндеттерді түсіну және зерделеу. Біздің еліміздің әлемнің ең дамыған елдерінің отыздығына табысты кіруі үшін, әрбір жас адам негізгі оқиғалардан, жаңа ағымдардан және технологиялық үрдістен хабардар болып отыру қажет.

Университет ректоры Гаухар Алдам­бергенова «Жоғары оқу орындары білім мен ғылымды капитализациялаудағы басты локомотив» атты мақаласында «Жаңа мыңжылдықта білімі мен білігі үйлескен мамандардың бәсі басым болмақ. Бұны уақыттың өзі айқындап отыр. Отандық жоғары оқу орындарының алдында ой-өрісі дамыған, талантты, зерделі және ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу міндеті тұр. Осынау ауқымды жауапкершілікті абырой­мен атқару педагогтарға жүктелген мәрте­белі міндет. Дамудың даңғыл жолына бағыт алған болашағы баянды елдің өрісі қашанда білікті де саналы ұрпағымен кеңеймек. Өскелең жасты еліміздің тұтқасы, қатары­ның көшбасшысы етіп тәрбиелеу – ғасырға жуық үздіксіз кадр даярлап келе жатқан Қыздар универси­тетінің басты бағдары» деп атап көрсеткен болатын.

 

А.САТБЕКОВА,

педагогика ғылымының докторы, профессор,

«ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста