«Жарқын болашақ» олимпиадасы мемлекеттік тілдің мерейін үстем етті

«Жарқын болашақ» олимпиадасы мемлекеттік тілдің мерейін үстем етті

ҚР БҒМ және Білім-инновация халықаралық қоғамдық қорының (бұрынғы KATEV) ұйымдастыруымен дәстүрлі олимпиада биыл 9-ы мәрте өтті.  21-22 сәуір күндері аралығында Астана қаласында республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының ақтық кезеңі мәресіне жетті.  

Қазақ тілінің мерейін биікке көтеріп келе жатқан «Білім-Инновация» ХҚҚ «Жарқын болашақ» олимпиадасы арқылы жастарымыздың патриоттық саналарын қалыптастырып үлгерді. Қазақ тілі олимпиадасы оқушылар арасында белгілі бір беделге, брендке айналды. Олимпиаданың мақсаты мемлекеттік тіл мерейінің өсе түсуіне үлес қосумен қатар, жастардың шығармашылық қабілетін ашуға, әлеуметтік белсенділігін арттыруға және жарқын болашаққа деген нық сенімдерін қалыптастырып, тұлғалық болмысын көрсетуге бағытталған. Айтулы доданының мемлекеттік деңгейге жеткенін кезінде поэзия патшайымы, марқұм Фариза Оңғарсынова апайымыз бен қоғам қайраткері, ғалым Мырзатай Жолдасбеков секілді тұлғаларымыз қадап айтқан болатын.
Оқыту тіліне қарамастан, мемлекеттік және мемлекеттік емес жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың арасында еліміздің барлық облыстарынан келген 7-11 сынып оқушылары жыл сайын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 5 бағыт бойынша («Тілші-әдебиетшілер», «Жас ғалымдар», «Жазушылар», «Сөз шеберлері», «Әнші-бұлбұлдар») білімін, өнерін, талантын сарапқа салады. Дәлірек айтқанда, “Тілші-әдебиетшілер” бағыты бойынша қазақ тілі теориясын терең меңгерген оқушылар мектеп бағдарламасы бойынша тест сұрақтары, сондай-ақ сұрақ-жауаптар негізінде емтихан тапсырады. Ал «Сөз мәнері» конкурсында қазақ тілінен мәнерлеп оқудан бақ сынайды. Мұндағы мақсат — оқушыны ауызекі сөйлеуге үйрету. “Әнші-бұлбұлдар” конкурсында қазақ халық әндері мен өзге де ұлттық әндерді кеңінен насихаттау және талантты жастарды анықтау басты міндет. “Жас ғалымдар” конкурсында қазақ тілі білімі, тарихы, тілдің өзекті мәселелерін түсіндіретін ғылыми жоба қорғалады. “Жазушылар” конкурсында үміткерлер туған жерлерінің табиғаты мен атақты жерлестері жайлы шығармаларын бәйгеге қосады. Осындай аталған конкурстар бойынша аламанға түскен жастардың соңғы мәреге жетулері оңайға соқпағаны көрініп тұр.

Олимпиаданың негізгі концепциясынан қазақ тілін бес бағытта дамытуға арналғанын бірден байқауға болады. Олимпиаданың «Жарқын болашақ» деп аталуында да символикалық мән бар. Олимпиадаға қатысушы оқушылар — болашақ қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, білікті де білгір мамандары, осы саланың жілігін шағып, майын ішкен ғалымы, лингвистер мен әдебиеттанушылар, қазақтың болашақ жазушылары мен журналистері, күміс көмей әншілері мен тілі мен танымы түйіскен актерлері. Ағылшын тіліне деген сұраныс пен талаптың күшейген сәтінде, «Қазақ тілінің болашағы жарқын» деген сенім — ең құнды капитал.

Ұлтты күшейтудің бірінші тетігі ─ тіл. Олимпиаданың асыл мақсаты да осы болса керек. Қазақ тіліне деген қызығушылықты білім арқылы бала санасына сіңіру керемет тәсіл. «Тілі бірдің тілегі бір» демекші, бұл олимпиадаға қазақ балаларымен қоса өзге этнос өрендерінің де асқан қызығушылықпен келіп, бақтарын сынауы, пәк жүректерімен тілектес болулары ел бірлігі жолында жасалып жатқан құтты қадамдардың бірі деп бағалауға болады. Ұлты басқа болса да, қазақ тілін ардақтап жүрген өнерпаз жеткіншектердің көмейлерінен шыққан әсем әуендермен көмкерілген олимпиада рухымызды асқақтатты.

С.Демирел университетінің грантын табыстау сәті

«Жарқын болашақ» олимпиадасында 9 жылдың ішінде жеңіске жеткен 198 оқушыға ЖОО-ның білім гранты табысталған. Еліміздегі құны ең жоғары олимпиада десек болады. Жыл сайын 20-ға жуық грант бөлетін «Жарқын болашақтың», Қазақ тілінің бас демеушісі Сүлеймен Демирел атындағы университетті биыл да 16 грант бөлген екен. Бұл аталмыш университеттің мемлекеттік тіл — қазақ тілінің дамуына қосқан толағайдай үлесі деп білеміз. Университет басшыларының, оқытушылар қауымының қазақ ұлтына, қазақ тіліне деген оң көзқарасы, жанашырлығы, берік ұстанымы екені айтпаса да түсінікті шығар. Ал осы грантты табыстау сәтте қуаныштан көздеріне жас алған жеңімпаздарды көргенде, университеттің оқушылар арасында қаншалықты беделге ие болған көруге болады.

Сонымен қатар Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 2 грант, Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті жеңімпаздарға 2 грант табыстады.

Қанат Әуесбай, филология ғылымдарының кандидаты, Л.Гумилев ат. ЕҰУ доценті, ҚР Президентінің жастар саясаты жөніндегі Кеңес мүшесі, қазылар алқасының мүшесі:
«Жарқын болашақ» балаларға ментор болды

Соңғы жылдары күллі әлемде «ментор» сөзі қоғамымызға дендеп енді. Қазақша айтқанда бұл тәлімгер, тәрбиеші. Өмірден өз жолыңды тауып, мамандықтан қателеспеуіңе жол нұсқар, кәсіби бағдардан адаспауға жөн сілтер тұлға — ментор. 10 жыл бойы тұрақты өтіп, сара сүрлеуін тапқан «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы және ондағы қазылар алқасын мен дәл осы ментор сөзінің аясына сыйғызамын. Өйткені, екі күндік шара осында арман қуып, амбицияға желіккен өрендердің талайына қанат бітіріп, шабытын үстейтіні анық. Тіпті, осы білім бәйгесі өмірлік мамандығын біржола таңдауға себеп болып жатты. Сүлеймен Демирел университеті, Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Халел Досмұхаммедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті бөлген 19 грантқа алғыс айтудың реті бұл. Олимпиадаға қатысқан өспірімдердің қай-қайсы да жүзден дара шыққан шын жүйрік екені шүбәсіз. Олардың кейбірі астанамызға тұңғыш сапарлап отыр. Астанамыздағы ең үздік, зәулім оқу ордасының бірі «Нұр Орда» лицейінде болып, өзі құралыптас дарынды замандастарымен танысты. Ағылшынша айтқанда балалар үшін бұл бір шынайы «networking» болды. Яғни, олар танысып-білісіп, өзара тәжірибе алмасып, келешек әріптестігінің негізін қалады десе артық айтқандық емес. Ендігіде олар еліміздің қай қиырында жүрсе де, өмірдің қай белесінде болса да, олимпиадаға қатысқан бал балалықтың тәтті шақтарын еш ұмытпақ емес. «Жарқын болашақ» түлектерінің жақсы аты шартарапты шарлай берсін деймін ендеше. Тәлімі мен тағылымы ұштасқан ел ауқымындағы шараны жоғары деңгейде өткізген «Білім-Инновация» қоры мен қолдау көрсеткен ҚР Білім және ғылым министрлігі сауапты шаруаның басын қайырғаны еш шүбәсіз.

Саят Қамшыгер, ақын, «Серпер» сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі:

Олимпиада ұлт рухын көтеруге үлес қосады


«Жарқын болашақ» республикалық олимпиадасында биыл үшінші рет қазылар құрамында болдым. Жылда мәнерлеп оқудан келген оқушылардың өнеріне тәнті болатынмын. Бірі Бейімбет Майлиннің әңгімесінен үзінді оқып жатса, енді біреуі Оралхан Бөкейдің шығармасынан монолог оқитын. Біреу Мағжан Жұмабаевтан өлең оқып бағын сынаса, тағы да келесісі Мұқағали Мақатаевтың поэмасынан үзінді оқитын. Осындай алуан түрлі таланттарға баға беру де оңай болмайтын. Өзімді шығармашылық емтихан қабылдап отырған жоғары оқу орнындағы оқытушыдай сезінетінмін.
Бұл жолы «Әнші бұлбұлдар» саласы байқауына да кіріп көру нәсіп болды. Армян баланың, орыс қызының, неміс баласының қазақша ән шырқаулары мені таң-тамаша қалдырды. Өзге ұлт өкілдерінің «Атамекенім, қазағым», «Отаным менің, байтағым», «Қазақтай елден айналдым» деп ән шырқап тұрғаны, қазақ тілімен тамылжыта орындағандары жанымды жадыратып, рухымды көтерді.
Эссе жазған оқушылардың шығармаларын тексеру барысында қатысушылардың таланттарына сүйсіндім. Мөлдіретіп тұрып жан жүрегінің сөзін ақтарған ұл-қыздар республиканың жан-жағынан келген нағыз дарындар екен. «Болайын деген баланың жолын кеспе, белін бу» демекші, ең мықтылары жүлделі орындарды иеленіп, жеңімпаз атанды. Біз, қазылар алқасы барынша әділ болдық. Жұмысымызға ешкімнің өкпесі болмады.

Асқар Әнел, «Жарқын болашақ» олимпиадасының күміс жүлдегері:
Тіліміз ғұмырлы болғай

Шын мәнінде, Қазақстаннның түкпір-түкпірінен келген дарынды,талантты оқушыларды көріп, солармен пікірлесіп, танысып, олардың қазақ тілін қалай жақсы көретіндігін, тілге жанашыр екендігін байқадым. Өсіп келе жатқан болашақ ұрпақтарымыздың көзқарасы осы дарынды балалардікіндей болса, тіліміз ғұмырлы болар еді.
Мен сайысқа ғылыми жоба бойынша қатыстым. Тақырыбым: «Қазақ прозасындағы бақытсыз балалық шақ мотиві» болды. Осы сайыстың жүлдегері атанып, Сүлеймен Демирель атындағы Университеттің грантын иелендім. Әрине, қуанышымда шек жоқ! Ұстаздарыма, ата-анама қуаныш сыйлағандай болдым.
Барлық сайысқа қатысқан үміткерлердің тақырыптары өзекті екендігіне және олардың шынайы дарынды екендігіне көзім жетті. Осы «Білім Инновация» Халықаралық Қоғамына шын ниетімен шексіз алғысымды білдіремін. Сапарымыздың өзі есте қаларлықтай болды.

Шын мәнінде, Қазақстаннның түкпір-түкпірінен келген дарынды,талантты оқушыларды көріп, солармен пікірлесіп, танысып, олардың қазақ тілін қалай жақсы көретіндігін, тілге жанашыр екендігін байқадым. Өсіп келе жатқан болашақ ұрпақтарымыздың көзқарасы осы дарынды балалардікіндей болса, тіліміз ғұмырлы болар еді.
Мен сайысқа ғылыми жоба бойынша қатыстым. Тақырыбым: «Қазақ прозасындағы бақытсыз балалық шақ мотиві» болды. Осы сайыстың жүлдегері атанып, Сүлеймен Демирель атындағы Университеттің грантын иелендім. Әрине, қуанышымда шек жоқ! Ұстаздарыма, ата-анама қуаныш сыйлағандай болдым.
Барлық сайысқа қатысқан үміткерлердің тақырыптары өзекті екендігіне және олардың шынайы дарынды екендігіне көзім жетті. Осы «Білім Инновация» Халықаралық Қоғамына шын ниетімен шексіз алғысымды білдіремін. Сапарымыздың өзі есте қаларлықтай болды.

Үздік үш облыс: Оңтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл облысы, Қызылорда облысы

Мамедов Турал, «Жарқын болашақ» олимпиадасының қола жүлдегері:
Қазақ тілі — темірқазығым

Менің ұлтым — әзірбайжан. Өзге этнос өкілі ретінде менің мемлекеттік тілге деген құрметім ерекше. Қазақ тілін өзімнің ана тілімдей жақсы көремін. Себебі осы тіл арқылы мен өзімнің білім көкжиегімді, дүниеге деген көзқарасымды кеңейттім. Қазақ халқының ұлттық құндылықтарын, қазақ әдебиетінің асыл қазынасы болып саналатын зиялы қауымның әдеби мұраларымен танысып, өзімнің болашақ өмірімнің басты ұстанымым, жол сілтер, бағыт-бағдар берер темірқазығым етіп алып келемін.
Қазақ тілі — болашақтың тілі. Бәсекеге қабілетті елдердің қатарына кіру үшін біз қазақ халқының ұлттық құндылықтарын насихаттау арқылы әлем кеңістігінен мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру арқылы орын аламыз.
Осы орайда, мемлекеттік тіліміздің мәртебесінің дамуына ықпал ететін «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасына мен екі жыл қатарынан қатыстым. Өткен жылы аталған республикалық байқаудың «Жас ғалым» номинациясының I орын иегері атанған болатынмын.
Бұл олимпиада мен үшін өте маңызды және де маған көп нәрсені үйретті. Мен өзім үшін зор білім додасынан үлкен тәжірибе жинақтадым. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген дарынды, білімді, болашақтары жарқын оқушылармен танысып, дос болғаныма қуаныштымын. Мен биыл «Жазушылар» бағытына қатысып, «Кімге алғыс айтар едің?» деген тақырыпқа ЭССЕ жаздым. Әділқазы алқасының әділ бағалаумен 3 орынға ие болдым.

Дайындаған — Бауыржан Карипов

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста