ОҚО-да саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиелеуге арнаған ұлағатты ұстаздар марапатталды. Қалалық мәслихаттың хатшысы Нұрлан Бекназаров, бір топ мұғалімнің мерейін үстем етті деп хабарлайды ТВК арнасы.
Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға деп бекер айтылмағаны айдан анық. Осы бір орайлы сәтте, болашақ ұрпақтың сапалы білім ауылына салмақты үлес қосып жатқандардың жұмысына баға берілді.
Қалалық мәслихат хатшысы Нұрлан Бекназаров, мұғалімдер мен мектеп директорларын марапаттап, көңілдерін бір марқайтып тастаса, қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиеваға мектеп директоры өлең арнады.