Бала тілін дұрыс дамытуға байланысты маманның айтар кеңесі

Бала тілін дұрыс дамытуға байланысты маманның айтар кеңесі

Бала тілін дамыту

Мектеп жасына дейіңгі балалардың тілін дамытуда мынадай негізгі мақсаттар қарастырылады.
1. Ауызша сөйлеуге үйрету, сөздік қорын дамыту.
А) Айналадағы дүниені, табиғатты бақылату, таныту арқылы сөз қорын жаңа сөздермен байыту, баланың ауызша сөйлеген сөздерін тыңдап, өзіне қойылған сұраққа диалог түрінде жауап беруге үйрету.
Ә) Заттың атын ойыншық, гүл, жапырақ т.б. сөздерді үйрету.
Б)Заттың сынын, сапасын, түр-түсін, пішінін білдіретін сөздерді меңгерту.
В)Заттың іс-әрекетін білдіретін жүрді, жүгірді, келді, қиялды, екті, септі т.б. сөздерді әрі қарай меңгерту.
Г) Үстеу сөздерді қасында, үстінде, асты, астында, жоғарыда, төменде, т.б. қосып айтуға үйрету.

2. Сөз дыбыстарын дұрыс айту.
Сөйлеуде ауыз қуысы арқылы дұрыс дем алып, дем шығара білуге үйрете отырып дауыссыз, қатаң, ұяң дыбыстарды естілуіне қарай дұрыс, анық айтуға үйрету.3-4 сөзден тұратын сөйлемдер құрату.

3. Грамматикалық категорияларды меңгерту.
Зат есімге іс-әрекетті білдіретін сөздерді қосып сөйлем құрату. Сөздерді септеп, жіктеп, жекеше, көпше (менің досым, біздің ойыншықтарымыз) айтуға үйрету.

4. Байланыстырып сөйлеуін дамыту.
Күнделікті сабақта естіген, білгенін, ойын, серуен кезінде көрген-түйгенін, сурет және оқылған ертегілер мазмұнын, ұнатқан ойыншықтары жайында ауызша, сұрақ қоя отырып, әңгімелей отырып, қысқа ертегілерді кейіптендіре білуге үйрету. (сызбаның түрлері беріледі).
Мектеп жасына дейіңгі баланың тілін дамыту әдістері: баламен әңгімелесу; күнделікті өмірге қажетті заттарды, айналадағы дүниені бақылату; кейбір заттың өзін немесе суретін көрсетіп сөйлесу; көрген-білгені туралы әңгімелеп беруді үйретіп отыру; сөздік тапсырмалар орындату; әңгімелесуден соң балаға сол оқиғаға байланысты әдеби шығармалар оқып беріп тыңдату; түсінгені туралы оқиғаны суреттеп, мүсіндеп көрсетуге жаттықтыру.

Баланың тілін дамыту, сөйлесе білуге үйрету негізінен үш түрлі тәсіл арқылы іске асырылады:
1. Затты бақылауға дағдыландыру;
2. Балалардың түсінігін байқау, сұраққа дұрыс жауап беруін қадағалау;
3. Бақылаған оқиғалары туралы дербес жаттығулар орындатып, көрген-білгенін тереңдете тиянақтап отыру. Мысалы, бала үй жануарларын бақылағанд(қозылы қой, бұзаулы сиыр) олардың әрекеті, адамға келтірер пайдасы, бір-бірінен айырмашылығы (қозы, қой, сиыр) ұқсас жақтары туралы айта білуі тиіс.
Сөйлеу тілі мен сөздік қорының жетілуіне байланысты бұл жастағы балалар төңіректегі өмір құбылыстарына назар аударып, оны танып білуге әрекеттене бастайды.

Бала тілін дамытуда мынадай жұмыс түрлерін жүргізіп отыруға болады:
1. Айналада бар, күнделікті өмірде пайдаланып жүрген заттарды (киім-кешек, ыдыс-аяқ, тағам, үй мүліктері ) көрсету, баланың қолына беріп, атын сұрап айтқызу. Осы заттарды қайда, неден (ағаштан, шыныданнн,, шыттан, жүннен, темірден т.б.) жасалатынын, кімге, неге, не үшін керек екенін ұғындыру.
2. Баланы белгілі заттардың атына байланысты сөздерден сөйлем құрап айтуға үйрету. Мұндайда «Суретті сөздік» қолданылады. Бала суреттен үйдегі затты көрсетіп, бірден атын атаса, екіншіден сол заттардың көмегімен жасалатын іс-әрекет, оның ерекшелігі туралы сипаттама айтуға жаттыға бастайды.

3. Балалар сөзді, сөйлемді дұрыс айтуға үйрене бастаған соң шағын әңгіме құрастыруға дағдыландыру керек.
а) Ойыншықтарды, жақсы көретін кітабы жайында әңгіме айтқызу.
б) Оқылған ертегі, әңгіме мазмұнын сұрап, әңгіме желісін бұзбай айта білуге үйрету.
в) Белгілі грамматиклық формаларды дұрыс қолданып, сөйлей білуге үйрету; ішінде, үстінде, астында, қасында, жанында, артында, ортасында, шетінде деген сөздерді сөйлем ішінде қолдана білуін қадағалау. Ол үшін балаға сурет көрсетіп әңгімелескенде, ойын кезінде мынадай сұрақтар беруді ұмытпаған жөн. Қуыршағың қайда отыр? (үстелдің немесе диванның үстінде, астына, қасына қойып) Кітап қайда тұр? Немесе баланың бір ойыншығын жасырып қойып, тапқызу.

Мектеп жасына дейіңгі сәбилердің дүние танымын кеңейтіп, ойын өрістетіп, тіл байлығын жетілдіру ісінде көркем әдебиеттің алатын орны ерекше. Көркем сөз өрнегін балаға тыңдатып, санасына сәуле түсіру, халық қазынасының музыкалық үнінен оның ең сәби шағынан, ана әлдиінен басталады.

 Автор: Шынар Жексенқызы Нұртазина,
№3 «Гнездышко» санаториялық б\б
қазақ тілі оқытушысы,
Екібастұз қаласы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста