Балаларды балабақшаға бейімдеу

Балаларды балабақшаға бейімдеу

Көптеген балалар балабақшаға 2, 3-5 жастан бастап бара бастайды. Кейбіреулері үшін үй жағдайынан басқа ортаға ауысу қиындық тудырмай таныс адамдарымен, ойыншығымен оңай ажырап келесі бір ортаға тез үйренісіп жатса, ал кейбіреулері үшін үлкен күйзеліс тудырады. Мұндай күйзелістер олардың мінез – құлығындағы өзгерістерге, көңіл күйінің болмауына, одан әрі күйбеленушілікке, жүйке жүйесінің бұзылуына әкеліп соғады.
Кез келген балаға алғаш рет балабақшаға бару – үлкен күйзеліс. Бұған дайын деген баланың өзі жаңа ортаға үйрену барысында дағдарысқа ұшырайды. Әрине қасында өзі үйренген жақындарының болмауы, әрқашан қолдайтын ата-анасының жанынан табылмауы, мүлдем бұрын көрмеген балалардың болуы, танымайтын ересектерді көруі және оларды тыңдау, өздеріне жат ыдыстан тамақтануы, үйренбеген төсекке жатуы – осының бәрі оған мүлдем жат.
2-3 жастағы нәресте ойыншықпен ойнауға, басқа баламен тіл табысуға немесе түсінуге, қалағанын сұрауға, ойын жеткізуге, сезімін білдіруге қауқарсыз.
Тәрбиешілер үшін де топқа жаңа балалардың келуі – үлкен сын. Осы кезде балалардың арасында дұрыс көзқарас, достыққа негізделген берік орта қалыптастыру керек. Одан кейінгі талаптар, оқу үрдісі, жеке басына қызмет көрсету тағы басқасы толықтырырылып отыратындықтан бала ортаға тез бейімделеді.
Ата-анамен жұмыс баласын балабақшаға әкелместен бұрын басталуы қажет. Баласын тіркеу барысында ата-ана балабақшаға тәртібімен, баласына сол ортаға үйренуін қандай көмек көрсету керектігін хабардар болуы қажет.
Кейбір балабақшаларда психолог, тәрбиеші ата-аналармен әңгіме жүргізеді, кейбір кезде медбике, дәрігер немесе сол топтың тәрбиешісі сол іспен айналысады.
Ал кейбір жерде қабырға газеттеріндегі ақпаратпен шектеледі, әрине ол жеткіліксіз.
Ата-аналар мен тәрбиешілер бейімделу кезеңінің ұзақтығы мен әсерін, әр түрлі жағдайлармен алдын ала танысулары керек.
Ата-ананалар да өз тараптарынан балаларының жаңа өзгерістерге икемделуіне жағдай туғызып, ортада өзін ұстау ерекшеліктерін айтуы қажет. Егер баланы ерте бастан күн тәртібіне үйреткен болса, өздігінен әжетханаға сұрана алатын болса, ұнтақталмаған немесе әртекті тағамға дайын болса, ойыншықтарымен ойнай алатын болса, басқа балалармен тіл табыса алатын болса, тәрбиешіге сенімді болса, онда бейімделу кезеңінен жеңіл өтетіні анық.
Ал егер керісінше бала бұл жағдайларға дайындалмаған болса, кейбір жағдайда жүйке жүйесінде олқылықтар болған болса, онда өкінішке орай, ондай баланың жаңа ортаға бейімделу үрдісі қиындай түседі.
Топ тәрбиешісі біріншіден, балабақшаға келе бастаған балалардың психикалық дамуымен және физикалық деңгейі жағынан өздерінің қабілеті бойынша, әр түрлі болатынын кездестіре бастайды. Кейбір балалар 2 жас шамасында келеді және өздігінен жүре алмайды, өздігінен тамақтана алмайды және ойнауды білмейді, балаларды жатырқайды, сонымен қатар анасын үнемі сағынады. Енді біреуі 3 жаста келеді және не нәрсеге болсын икемді, бірақ балалар ортасына қалыптаспаған, итеріп және ұрып жіберуі де мүмкін. Осыған байланысты белгілі бір қысқа мерзімде барлығын, не болып жатқанын және олардан не талап етілетінін ұғатын бір деңгейдегі топты жинақтау қажет.
Белгілі болып отырғандай біріншіден, өз құрбыластарымен және қарым-қатынасқа еркін түсе алатын, өз бетімен және басқа балалармен ойнай алатын балалар тез бейімделеді. Баланың бірінші күннен балабақшаға келгенінен бастап, тәрбиеші ең бірінші балалар үшін психикалық және физикалық жағдайын жасауға, үйренген ортасынан (әрқайсында әртүрлі) қоғамдық ортаға (барлығына бірдей) қалыптасу кезіндегі қиындықтарды жеңілдетуге тиісті. Бұл іс-әрекеттер алғашқы айда балалардың жаңа ортаға бейімделуіндегі туғызатын мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді. Балабақшаға енді бара бастаған, ерте жастан және мектеп жасына дейінгі балаларға бір жағынан, әрқайсысын жеке атымен атап: «Балжан, қолымызды жуайық», екіншіден – баланың топта жүргенін есіне сала отырып, «Балалар, енді барлығымыз дастарқанға жайғасайық! Балжан, сен де отыр. Досжан, сен мында отыр» деп қарата айта отырып, олардың назарын аудару қажет. Балаларға үйреншікті емес іс-әрекеттерді айтып түсіндіру керек, бірнеше рет қайталай отырып: «Барлығымыз қазір киінеміз, өз сөремізге барамыз. Бұл бізде Арсеннің сөресі, ал мынау – Асқардың сөресі, ал мынау сенікі. Ал, сен Айгүл, жарайсың, өз сөреңді тауып алдың.
Егер балалар тәрбиешіні түсіне алатын болса – оларды үйде үйретпеген немесе олар жасап үйренбеген іс-әрекеттерге баулу жеңілдік туғызады. Әрине, біріншіден, басты маңыздылықты әрқайсысына жекелей назар аудару керектігін, кім неге қабілетті, кімде қандай қиындықтар барын есте сақтау қажет. Бір мезгілде тәрбиеші балалардың бір-біріне назар аударып, есімдерін есте сақтап қалуына, мүмкіндігінше аттарын атай алуына және тәрбиешіге де солай айтқызуына жеткізу қажет. Бұл үшін танысуға бағытталған, есімдерін жаттауға арналған, сол сияқты әр баламен амандасу және сәлемдесу рәсімдеріне арналған ойындар бар. Мысалы, «Міне балалар, Айым келді. Сәлеметсің бе Айым! Ал енді барлығымыз онымен амандасайық!», «Асхат үйіне кетті. Онымен қоштасайық: Сау бол, Асхат!! Ертеңге дейін!» Тағы бір ойынның түрі паровоз, балалар – вагондар және әрқайсысының есімі бар. «Бірінші вагон – Асан, оған екінші болып Аида тіркеледі, үшінші болып Мақсат, ал бүгін паровоздың өзі Айжан болады. Үнемі қайталау барысында физикалық қарым-қатынасқа түседі. Үлкен назар балалар ойынымен жетекшілік етуге бөліну керек, қарапайым ойыншықтармен әр түрлі сюжеттерді көрсете білу қажет. Қайталау барысында балалар оны толықтырып, өзгерістер енгізу нәтижесінде ойын қалыптаса бастайды. Ал ойыншықтармен ойнай алатын бала әрқашан үнемі жақсы көңіл күйде болады, басқа балалармен жақсы оңай қарым-қатынасқа түсе береді, ең алдымен олардан әр түрлі іс-әрекеттерді қайталау барысында, ал кейін басқа ойынсыз-ақ тілдесе алады.
Көптеген балабақшаларда ата-аналар бірінші аптасында толық емес күнде балаларын әкеледі, шамалыуақытқа (әдетте түске дейін) тек қалдыру мақсатында.
Осындай қысқа кездесулерден кейін бала ата-анасыз қалуға, шамалы уақытқа, одан кейін уақыт созыла келе өз еркімен қалдыруға болады. Көрсеткендей, оныншы күннен бастап, бала қалыптасады.
Жоғарыда айтылғандай, осындай қысқа кездесулер тек таңғы қыдырыста емес, кешке де болғаны дұрыс. Өйткені бала көбін танып, басқа топ балаларын қарап үлгереді және ең бастысы – барлығының ата-анасы оларды алып кететініне көз жеткізеді.
Бала психологиялық тұрғыдан, ешкім балабақшада қалмайтынын, оларды ата-аналарының алып қайтатынын түсінуі керек.
Кейбір балалар үйренбеген ортада тамақтанып, ұйықтай алмайды. Баланың топты ортада анасыз қалуы үшін санаулы күндер өтуі қажет. Мұндайда баланың өз ойыншығын алып жүруін қадағалаған жөн. Балаға төсек орнын алдын ала көрсетіп, басқалар да солай жататынын айту керек.
Алғашқы кездерде тәрбиеші баланы ата-анасынан балаға қол орамал, майлықтарын алып жүруді талап ету керек. Қосымша ауыстыратын ішкі киімдерімен, керек жағдайда астарларын да дайындаған жөн.
Тәрбиеші мен тәрбиеші көмекшісіне балалардың алғашқы бейімделу кезеңіндегі әр түрлі жас ерекшеліктерімен, жеке бас ерекшеліктерін ескере отырып, ұйықтау кезіндегі, тамақтану барысындағы, гигиеналық тазалыққа үйрету кезінде қиындықтарды есепке алу керек. Егер бала нашар тамақтанса, оны күшпен тамақтандыра алмайсың, тіпті өз тамағын толық жеуге күштеу, осы жаста оның ашуан жиілетеді. Егер ұйықтамаса, онда оған ойыншық беріп, онымен отырып, тыныштандарап, ұйықтамауға рұқсат етіп, бірақ көзін жұмып жатуын қалыптастыру қажет. Балалардың кейбіреуін дәретке барып отыруын қадағалаған да жөн. Бұл жағдайларды оларға далада да естеріне түсіріп отырған дұрыс. Мұндай ескертулер бір ай бойы жалғасуы мүмкін және ұзақ мерзімде балабақшада болмаған жағдайда (мысалы ауырып қалуына байланысты), қайтадан ескертіп отырған жөн.
Осындай мәселелердің болмауы тікелей ата-анамен тәрбиешілердің бірігіп, баланы жаңа ортаға дұрыс бағыттауының нәтижесінде болмақ, егер әрине баланың дамуы тұрақты, қалыпты болған болса.
Қалыпты бейімделу кезеңінің ерекшеліктері. Көңіл күй бұзылуы.
Жылауға бейім болу, еркелік, мазасыздық, ашушаңдық, басқалардың агрессивті болуы.
Ұйқының бұзылуы.
Балалар ұйқысының нашарлауы жиі байқалады, кешке оңайшылықпен көз ілмейді, ұйықтар алдында жылауы мүмкін. Таңғысын қажетті уақытта оларды ояту өте қиынға түседі. Кейбір балалар күндіз балабақшада ұйықтай алмайды, шаршағандықтан кешке тез ұйқыға кетеді. Басқалары мазасызданғандықтан сағат 22-23-ке дейін тыныштана алмайды. Ұйқының жетіспеушілігі балалардың көңіл күйіне әсер етеді және жүйке жүйесіне кері әсерін тигізеді.
Тәбетінің бұзылуы.
Балалар өздеріне үйреншікті емес, тансық тағамдарды беру салдарынан нашар тамақтанады. Үй жағдайында ұнтақталған тағамдарға үйренген балаларға балабақшадағы тағамның белгісіз құрамы үйреншікті емес. Жоғары жүйке қозуының нәтижесімен қосылып кейбір балаларда бұл асқазан ішек жолдарының бұзылуына әкелуі мүмкін, іштің ауруларына, ықылық тиюіне, кей жағдайларда – тамақ аллергияларына (ұзақтығы бір жұмадан бір айға дейінгі аралыққа созылуы мүмкін).
Мінез –құлықтағы олқылықтар.
Балалар бастапқы даму сатыларына қайтып оралғандай, нашар ойнайды, ойындар қызықсыз бола бастайды, аналарынан тіпті үйде де ажырай алмайтындай болып қалады, бөтен адамдарды жатырқай бастайды. Кейбіреулерінде өзіне өзі қызмет көрсету икемі кете бастайды, гигиеналық икемдер (олар дәретке сұрана алмайды, қол жуу қажет болған жағдайда қиындықтар туа бастайды).

Автор: Баянгүл Асайынқызы Жұмәділова,
№24 «Айналайын» бөбектер бақшасының әдіскері,
Екібастұз қаласы Павлодар облысы

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста