«ӨМІРІ ТҰНҒАН ӨНЕГЕ»

«ӨМІРІ ТҰНҒАН ӨНЕГЕ»

Қазақстан мен Орта Азияға аты мәлім болған қазақ елінің өркендеп дамуына елеулі үлес қосқан, қазақ халқының мақтанышы, Халықтың ардақты ұлы, мемлекет және қоғам қайраткері, Сыр түлегі – Темірбек Жүргеновтің 125 жылдық мерейтойына арналған дөңгелек үстел әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультеті дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы ұйымдастырылуымен өтті.

Шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпаққа мемлекет және қоғам қайтаркері  Темірбек Жүргеновтің өнегелі ғұмырын жан-жақты  насихаттау,  жастарды өз елінің тарихи тұлғаларына құрметпен қарауға тәрбиелеу және  отансүйгіштік сезімін қалыптастыру.

Дөңгелек үстелге  қатысты: Тарих факультетінің деканы- т.ғ.д., ассоц., профессор Д.С. Байгунаков, Сәби Ансат - Т.Жүргенов атындағы Қоғамдық қордың төрағасы; Бауыржан Иманғалиев – филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Темірбек Жүргеновтің мұрасын зерттеушісі-ғалым, Кенжебаева Лейла - өнертану магистрі, Т. Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның аға оқытушы.

 Іс-шара «Ұлт мақтанышы. Темірбек Жүргенов» атты архив құжаттарына негізделген деректі фильмнің үзіндісімен ашылды.  Тарих факультетінің 1 курс магистранты  Ф. Нұржан Темірбек Жүргеновтің мемлекеттік және қоғамдық қызметі туралы баяндама жасады.

Дөңгелек үстелге  қатысушылар ХХ ғасырдың 30-шы жылдары тарихта «Темір-Нарком» атанған Темірбек Жүргеновтің Қазақстан мен Орта Азия республикаларындағы оқу-ағарту, мәдениет және әдебиет салаларының дамуына қосқан үлестері,  қайраткердің тарихтағы қоғамдық-саяси орны, қаламгерлік мұрасы, жас ұрпаққа берер өнегесі туралы ой бөлісті.  Республикаға белгілі зерттеушілер Сәби Ансат пен Б. Иманғалиев  Темірбек Жүргенов туралы кітаптарын тарих факультетіне табыстады.

 Шара сонында тарих факультеті студенттерінің атынан шағын мерекелік концерт ұйымдастырылды.   2 курс студенттері Алаш  қайраткері Темірбек Жүргеновтің рухына «Арнау» өлеңің,  «Көңіл толқыны»  күйін орындады,  сонымен қатар «Темір-Нарком» монологынан үзінді  оқыды.

Әр қaндaй бір ұлт тaрихы жеке тұлғaлaрмен біте кaйнaсып жaтaды. Әр дәуірдегі тaрихи тұлғaлaрдың өмір жолы мен бітімдік қaлыптaсу бaрысы сол дәуірдегі тaрихи оқиғaлaрдың төл тумaсы. Сондықтан, тарихта өзіндік орын алған мемлекеттік және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің республикамыздың дамуына қосқан үлесін шынайы бағалау, оның болашақ ұрпаққа қалдырған мұраларын насихаттау, өмір өткелдерінен тағылым алу – міне  ең маңызды мәселе осы.

 

Әл-Фараби ат. ҚазҰУ профессоры Р.С. Мырзабекова

Әл-Фараби ат. ҚазҰУ аға оқытушысы Е.Т. Оразаев

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста