Министр мұғалімдердің өмірі қалай өзгеретінін айтты

Министр мұғалімдердің өмірі қалай өзгеретінін айтты

Мәжіліс депутаттары "Педагог мәртебесі туралы" заң жобасын бірінші оқылымда қарады, деп хабарлайды   Sputnik Қазақстан тілшісі.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, үш жылдан кейін мұғалім қызметіне жаңадан кірісетін мамандар үшін біліктілік тестін енгізу жоспарланып отыр.

"2022 жылы 1 қаңтардан бастап мұғалім ретінде кәсіби қызметін жүзеге асыруға алғаш рет кірісетін тұлғалар педагог біліктілігінің сәйкестігін растауы тиіс. Мұғалімдердің этика мәселелеріне де көңіл аударылуда. Сонымен қатар, педагогикалық жұмысқа жіберілмейтін себептер де кеңейтіліп отыр. Әр білім беру мекемесінде әдеп бойынша кеңестер институты енгізілуде", - деді Аймағамбетов мәжілістің пленарлық отырысында.

Ал материалдық емес ынтыландыру аясында мұғалімдердің балаларына балабақшадан бірінші кезекте орын беру нормасы қарастырылды.

"Бұған қоса, "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" мемлекеттік марапатының жаңа түрі сияқты бірқатар материалдық емес стимулдар да қарастырылып отыр. Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру, ауылдық жерлерде жұмыс істейтін мұғалімдерге үстеме жалақы, денсаулық сақтау, үздік педагог, жоғары оқу орнының үздік педагогы сияқты барлық әлеуметтік кепілдіктер де осы заңда сақталды", - деп атап көрсетті министр.

Айта кетейік, "Педагог мәртебесі туралы" заң жобасы 19 баптан тұрады. Осы құжат жарты миллионнан астам ұстазды қамтиды. Негізгі төрт бағыты:

• Ұстаздардың құқықтарын кеңейту және өзіне тән емес жұмыстан босату, жүктемені азайту;
• Мұғалімнің қызметіне қойылатын талаптарды күшейту;
• Материалдық емес тетіктер;
• Материалдық ынталандыру;

"Мұғалімдердің жүктемесіне қатысты мәселе - шын мәнінде үлкен проблема. Зерттеуге сәйкес, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдері ішінде қазақстандық мұғалімдердің жүктемесі ең көп болып отыр. Мәселен, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше мемлекеттерде 38 сағат болса, бізде 48,8 сағат. Сондықтан бұл норма өте маңызды болып тұр", - дейді білім министрі.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста