АВТОВАЗ қыркүйекте Lada Largus-тың сынақ нұсқасын шығарады
Өндірісі бір жыл бұрын тоқтаған Lada Largus-тың сынақ партиясы биыл қыркүйекте Тольяттиде конвейерге тұрады. Бұл туралы алдымен «ВКонтакте» желісіндегі «Нетипичный АВТОВАЗ» парақшасы хабарлаған, кейін ақпаратты компания басшысы Максим Соколов растады. Бірақ бұл автомобильдер сатылымға шықпайтын сияқты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.
АВТОВАЗ модельдің сынақ нұсқасын құрастыру арқылы конвейердің Lada Vesta NG өндірісіне дайындығын тексеруді жоспарлап отыр. Бір аптада 600-635 «ларгус» шығады.
Максим Соколов оның арсында жолаушы тасуға арналған машина да, фургон да болатынын айтты.
Бұдан бөлек АВТОВАЗ электрлі Largus құрастыруы мүмкін.
Сондай-ақ Lada Largus-ты басқа өндіріс орнына көшіріп, қазіргі конвейерде «Вестаны» көптеп шағару жоспары бар.
Соколов соңғы шешім әлі қабылданбағанын айтты.
Инсайдерлер бұл эксперимент компанияның өндірісті қайта бастауға дайындық деңгейін көрсетеді деп санайды, АВТОВАЗ сериялы өндірісті автобөлшек жеткілікті болған кезде ғана бастайды. Қазір зауытта компонент жетпей жатыр, соның салдарынан толық жабдықталмаған автомобиль шығаруға мәжбүр.
Қатарға қайта оралған «ларгус» Renault — Nissan альянсының B0 платформасына негізделеді.
Болашақта Lada Largus-тың батареялы және автомат қорабы бар түрленімі шығуы мүмкін. Зауыт басшылары осындай мәлімдеме жасаған. АВТОВАЗ қытайлық вариатор орнатылған «ларгус» жасауы мүмкін.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz