Өзге елге көлік сатқанда утиль алымын қайтарып алуға бола ма?

Өзге елге көлік сатқанда утиль алымын қайтарып алуға бола ма?

Бұл туралы «Жасыл Даму» АҚ-ның артық төленген соманы қайтару және (немесе) болашақ төлем есебіне жатқызу туралы ережесінде жазылған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

«Утиль алымы төленген автомобильді Қазақстан аумағынан тыс жерге сату (әкету)» алым сомасын қайтарып алуға негіз болады.

 

Яғни, егер машина Ресейге сатылса, сатушы ол үшін бұрын төлеген утиль алымын қайтарып алуға құқылы. Ол үшін «Жасыл Дамуға» E-otinish арқылы электронды қол қойылған өтініш жазу қажет.

 

Утилизациялық алымды қайтару үшін шетелге әкетіп бара жатқан автомобильді ҚР тіркеуінен шығару керек. Бұл туралы ақпарат Бірыңғай ақпараттық жүйеде болуы қажет.

 

Төлемді қайтару туралы өтініш жазғанда мыналарды көрсету керек:

 

* аты-жөні және нақты мекенжайы, байланыс деректері: телефон нөмірі, e-mail;

* қайтарып алатын утиль алымының сомасы;

* банк шотының реквизиті;

* утиль алымы төленгені жөнінде «ӨКМ операторы» берген сертификаттың нөмірі мен күні;

* төлемді қайтару себебі;

* төлемді қайтару себебін растайтын құжаттар.

 

 

Мыналарды қоса ұсыну қажет:

 

- автомобильді шетелге сату-сатып алу шарты;

- көлік құралын тіркеу туралы куәлік (бар болса);

- тасымалдау құжаты (жүкқұжат, немесе халықаралық CMR жүкқұжаты, немесе шекарадан өткені туралы талон, немесе ҚР ҰҚК шекара қызметі берген Қазақстан шекарасынан өткенін растайтын хат);

- алыс-беріс актісі (бар болса);

- автомобиль ЕЭО-ға мүше емес елге шықса, экспорттық кеден декларациясы.

 

Төлемді қайтару туралы өтініш келіп түскен күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде қаралады. Бірақ «Жасыл Даму» машинаның елден шыққанын растау үшін шекарашыларға сұрау салуы мүмкін, мұндай жағдайда ҰҚК-ден жазбаша жауап келгенше өтініш қаралмайды.

 

Артық төленген утиль алымын қалай қайтаруға болады?

 

Ережеде 2022 жылғы көктемде елге көлік әкелген тұрғындар мәселесі бөлек жазылған. Кей азамат утиль алымын жаңа тариф күшіне енген соң бұрынғы тариф бойынша төлеген. 2022 жылғы 14 мамырдан (қоса алғанда) бастап утиль алымын ескі тариф бойынша төлеген тұлғалар артық төлеген ақшасын қайтара алады.

 

Сондай-ақ 2023 жылғы ақпанда ережеге жаңа тармақ қосылып, көлігін жеңілдікпен заңдастырған жүргізуші соған дейін утиль алымын төлеген болса, ақшасын қайтару туралы шешім шықты. Ол үшін шетелге сатылған машинаға ұқсас «Жасыл Дамуға» өтініш жазу қажет. Бірақ автомобильдің шетелге кеткенін растайтын құжаттың орнына көлікті заңдастырғаны туралы құжатты ұсыну қажет.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста