Көлік салығын төлемесеңіз ісіңіз сотқа жолданады

Көлік салығын төлемесеңіз ісіңіз сотқа жолданады

1 сәуірге дейін көлік иелерінің бәрі міндетті түрде өткен жыл үшін салық төлеуі керек. Төлем уақтылы жасалмаған жағдайда әрбір кешіктірілген күн үшін қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 1,25 еселенген мөлшерінде өсімпұл алынады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Elorda.info-ға сілтеме жасап.

Бұл туралы Алматы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Қуаныш Түменбаев айтты.

 

Борышкерге 30 жұмыс күні ішінде берешекті өтеу туралы хабарлама жіберіледі. Хабарландыру мерзімі өткеннен кейін берешек сомасы 1 АЕК-тен асатын болса, борышкерге 5 жұмыс күні ішінде берешекті өндіріп алу туралы салық бұйрығы жіберіледі,- деді Қуаныш Түменбаев.

 

Ведомство басшысының айтуынша, борышкерлерге сот орындаушылары тарапынан одан әрі мәжбүрлеу шаралары қолданылады, оның ішінде мүлкі мен банк шоттарына тыйым салудан бастап, оның ішінде елден тыс жерлерге шығуына шектеу қойылады.

 

Айта кетейік, көлік салығын e-Salyk-Azamat мобильді қосымшасы арқылы төлеуге болады. Салық төлемдерін екінші деңгейлі банктердің, "Қазпошта" АҚ филиалдарында немесе екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы да төлеуге болады.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста