Алматтың әзілдері

Дәрігер маскүнемге:
– Сізді біреулер «іш» деп қинай ма? Мұндай жағдайға қалай түстіңіз?
– Өз еркіммен...
***
Екі кісі әңгімелесіп тұр:
– Жақында «Қалай баюға болады» деген кітап оқып шықтым.
– Қалай екен?
– Түк те әсер еткен жоқ, тіршілігім де сол қалпы...
***
Бір жігіт танысын кездестіріп қалады:
– Көңілсізсің ғой.
– Өткенде алтын балық ұстап алып едім...
– Үш тілегіңнің бірін де орындамай қойды ма?
– Орындады, бірақ сол үйдің, автокөліктің және саяжайдың несиесінен өмір-бақи құтыла алмайтын шығармын...
***
Әріптестер әңгімесінен:
– Банктердің несие беру туралы жарнамаларындағы суреттерде неге адамдар үнемі күліп тұрады?
– Онда тұрған не бар?
– «Күлме досқа, келер басқа» деген, несие алу оңай болғанымен, оны қайтару қиын ғой...
Читайте также

Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре

Фанаты "Барыса" получили негативные известия

GTA VI впервые покажут уже в декабре

Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке

"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу

Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу