Алматтың әзілдері
Мейрамханада:
– «Біздің мейрамханада ас мәзіріне 50 пайыз жеңілдік бар» дегеніңіз қайда?
– Алдыңызда тұр ғой: жарты кесе шай, жарты тәрелке сорпа, жарты тілім нан мен жарты шөлмек шарап...
***
Сот отырысы өтуде:
– Айыпталушы, сіз не үшін мас күйіңізде көршіңіздің бақшасынан алма ұрлап жедіңіз?
– Бұл соншалықты қылмыс па? Мен бар болғаны бала күнгі арманымды жүзеге асырдым...
***
Көрші жігіттер кездесіп қалады:
– Өткенде бастығымыз қызметкерлер арасында шахматтан жарыс өткізді. Финалда бастықтың өзімен ойнадым.
– Кім жеңді?
– Мен.
– Сыйлыққа не берді?
– Жұмыстан шығарып жіберді.
***
Бір кісі дәрігерге келеді:
– Көмектесіңізші, бауырымды қарап бересіз бе?
– Шешініңіз.
– Түсінбедіңіз, бауырым үйде жатыр...
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу