Алматтың әзілдері

Оқу бөлімінің басшысы журналистерге:
– Оқулықтар жетіспейді деген әңгіме қайдан шығып отыр? Менің де ұл-қыздарым, туысымның балалары мектепте оқиды, бірақ олар ешқашан «бізге оқулық жетіспейді» деген емес...
***
Керек кеңес:
«Әріптесіңді тыңдай білу – жақсы қасиет, ал тыңдап отырғандай кейіп таныта білу – талант!»
***
Бойжеткен қыз жігітпен кездесіп тұр:
– Көңіл күйің болмай тұр ғой?..
– Түнімен ұйықтай алмай, мазасызданып шықтым.
– Мені ойлап па?
– Масалар маза бермей...
***
Аудиториядағы сабақ үстінде.
Оқытушы:
– Ақымақ адаммен сөз таластырып қажеті жоқ.
Студент:
– Мен сізбен сөз таластырып тұрған жоқпын ғой.
***
Шағым түсіруші кісі сотқа:
– Өмірде әділдік бар ма өзі?
– Бар, бірақ ол өте қымбат тұрады.
Читайте также

Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре

Фанаты "Барыса" получили негативные известия

GTA VI впервые покажут уже в декабре

Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке

"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу

Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу