Алматтың әзілдері
Хабарландыру:
«450 сериялы телехикаяға актерлар қабылдаймыз. Алғашқы бес жыл – сынақ мерзімі».
***
Екі келіншек әңгімелесіп тұр:
– Соңғы кезде күйеуім «Операдан» шықпайтын болып жүр?
– Жақсы емес пе, қайта?!.
– Менің айтып тұрған операм – компьютерлік бағдарлама ғой...
***
Той-бизнес жаңалықтарынан:
«Бір асаба жігіт үйленіпті. Өз тойын өзі басқарып, өзі беташар айтып, өзі ән салып, өзі фокус көрсетіп, өзі билеп, кәдімгідей ақша тауыпты».
***
Қоғамдық көлікте кондуктор қыз жолаушы жігітке:
– Сіз ылғи да осы театрдың жанынан түсіп қаласыз, өнерді жақсы құрметтейсіз ғой, шамасы.
– Жоқ, мен осы маңда тұрамын...
***
Таныс жігіттер телефонмен сөйлесіп тұр:
– Бәке, өткендегі шаруамен қашан жолыға аламыз?
– Кез келген уақытта – дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма күндері боспын, сенбі, жексенбі демаламын ғой...